Жаңа оқу жылы және жаңа Жолдау
- 1 view
Бүгін «Сырдария» университетінің ұжымы: ректорат пен профессор-оқытушылар құрамы мемлекет басшысы – Қ.К.Тоқаевтың жаңа оқу жылындағы Қазақстан халқына жолдаған кезекті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.
Жолдауда Президент осы күнге дейін пандемиямен күресте атқарылған іс-шараларды пысықтай отырып, елдегі әлеуметтік, экономикалық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар мәселелерге тоқталды.
Білім күні қарсаңында жарияланған бұл Жолдауда Президент, әсіресе, білім саласы бойынша бірқатар оң өзгерістер жасау керектігін атап өтті.
Ұлтымыздың көшбасшысы болған А.Байтұрсыновтың: «Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек, осы керектердің жолында жұмыс жасау қажет» – деген сөзін басшылыққа алған мемлекет басшысы білім саласында мынадай өзекті мәселелерге көңіл бөлуді ұсынды:
- ХХІ ғасыр ұрпағы терең білімді болғаны жөн;
- жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет;
- кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс;
- темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілік барлығымыздың бойымызда болуы керек;
- әділдіктен айнымау;
- бізге керегі – адалдық, ұқыптылық және тиянақтылық.
Барлығымыз да қазақ халқын тек осындай кейіпте көргіміз келеді.
Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру.
Президенттің жаңа оқу жылында жариялаған Жолдауы көптеген мәселелердің шешілуіне оң әсер етіп, білім саласын көтеруге тың серпін беретініне сенеміз!
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет