"Өнегелі ұстаз" конкурсының жүлдегері
- 1 view
2015 жылдың 1.10-15.11 аралығында "ZIAT" ғылыми әдістемелік орталығы(Астана қаласы) қашықтықтан өткізілетін Республикалық педагогтардың "Өнегелі ұстаз" атты конкурсын жариялады.
КОНКУРС КЕЛЕСІ БАҒЫТТАР МЕН НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ӨТКІЗІЛДІ
Бағыт 1. "Әдістемелік әзірлеме" — әр түрлі тақырыптағы әдістемелік әзірлемелер: оқу құралы, авторлық, факультативтік бағдарламалар, элективті курстар.
Бағыт 2. "Балаларға арналған шаралар" - әр түрлі бағыт пен тақырыптағы іс-шаралар конспектілері (сабақ конспектілері, сыныптан тыс іс-шаралардың әдістемелік әзірлемесі, сынып сағаты, пән бойынша көпшілік іс-шара, мереке сценарийі т.б.)
Бағыт 3. "Педагогтерге арналған шаралар" - білім беру мекемесінде өткізілетін әр түрлі бағыт пен тақырыптағы іс-шаралар конспектілері (теориялық семинар, семинар-практикум, педагогикалық кенес, дөңгелек үстел, тренинг).
Аталған конкурсқа университетіміздің аға оқытушысы Акимишев Ғалымжан Пантайевич қатысып, "Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері" атты ашық сабақ тақырыбын ұсынып сайысқа түсті. Сайыстың нәтижесі бойынша аға оқытушы Акимишев Галымжан Пантайевич ІІ-орынға ие болды және "Ғылым шарайнасы" атты студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында жоғары жетістікке қол жеткізіп, дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар аталған орталықта "Ең үздік ғылыми жоба" атты ғылыми жұмыстар конкурсына Акимишев Ғалымжан Пантайевичтің жетекшілігімен университетіміздің бірнеше студенттері қатысып, өз жобаларын ұсынды. Атап айтқанда:
Набиев Рустам-"Дыбыс сигналдарын өңдеудің алгоритмдері мен бағдарламаларын құру", Тастеков Нұрбек - "Бейнелерді біліп тану әдістерін тиімділеуге графикалық әдістерді пайдалану", Орынбаева Айжан - "Транспорт есебін шешу әдістерін қолданбалы есептерді шешуде пайдалану" атты ғылыми жобаларын ұсынып, І-орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет