Кітапханадағы "Ашық есік" күні
- 1 view
Бүгін "Сырдария" университеті Бас оқу ғимаратынының кітапханасында "Ашық есік" күнін өткізді.
"Ашық есік" күнін өткізудегі мақсат кітапханаға келген әрбір оқырманға ақпаратты пайдалануда және оқырмандарды кітап оқуға дағдыландыру, кітапхананың электронды каталогынан ақпаратты іздеуге машықтандыру.
Бұл шараға университеттің барлық факультеттерінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Қазіргі уақытта кітап оқудың төмен деңгейде екендігі жұртшылықты алаңдатады. Студенттер көбінесе оқу залына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шығарма жазуға ғана келеді. Мұндай жағдай университет басшылығын ойландырып, бұл үшін қандай шаралар қолдану керек деген сауал туындады. Осыған орай, біріншіден, кітап оқу және оның мәні университет кітапханасының қазіргі өмірінде кітапхананың электронды кітапханасын пайдаланушылардың қажеттілігі қандай екенін білу мақсатына орай ұйымдастырылған іс-шара болды.
Бүгінде университет кітапханасында 3 мыңнан аса оқырманы бар, олардың қолданысына 300 мыңға жуық кітаптар және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінің электронды нұсқасы ұсынылып отыр. Кітапхана қоры жыл сайын сатып алынған, сыйға тартылған, мемлекеттік тапсырыс және университеттің профессор-оқытушылар құрамының еңбектерімен күннен-күнге толыға түсуде.
Шара барысында Кітапхана бөлімінің директоры Г.Раеева: "Кітапханаға жыл сайын жаңа кітаптар келіп тұрады. Жаңа басылымдардың барлығы бүгін келушілер назарына ұсынылып отыр" - деді.
Білімнің қайнар көзі кітап екені баршаға мәлім. Сондықтан да, кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Тек кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі, ол адамды терең ойлауға жетелейді. Бүгінгі "Ашық есік күніне" қатысқан оқырмандар кітап оқудың терең тәрбиелік мәнін түсініп, кітап оқитын қоғамға өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп қайтты.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет