БОЛАШАҚ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Жұмабек Тәшенев атындағы университеті ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығы, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе жалпы білім беретін мекемелердің бітірушілер сынып оқушылары арасында «ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР» Халықаралық шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялап, қазақстандық жеңімпаз жастар мен ұстаздарын, мекеме директорлары марапатталды.

Жастарды отансүйгіштік, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеу, өз Отанын, тілін құрметтейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, дарынды жастарды қолдау, «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына талапкерлерді тарту, талантты, зерделі, бастамашыл, оқуда және қоғамдық қызметте үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жастарды анықтау, қолдау және марапаттау, халықаралық деңгейде жастар арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Белсенді қатысқан жалпы білім беру мекемелерінің қатарында: А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің академиялық лицейі, 280-ші жалпы білім беретін мектебі, Ферғана облысынан Е.Вахидов атындағы шығармашылық мектебі, Әндіжан Мұхаммед Юсуф атындағы шығармашылық мектебі, Самарқанд қаласындағы 13-жалпы білім беретін мектеп, 51-ИДУМ сынды білім беру мекемелері бар.