"Шақырады көктем" атты ашық тәрбие сағаты

«Бастауыш білім және өнер» факультеті, "Өнер және саз" кафедрасының аға оқытушылары Б.Мейірбеков, Д.М.Байгунова, Ж.Б.Мейірбеков, П.І.Мәшірдің ұйымдастыруымен 27.02.2024 күні Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің Сматлаева көшесі №111 үйде орналасқан студенттер жатақханасында "Шақырады көктем" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Кафедрамыздың аға оқытушысы Берікбай Мейірбеков жиналған студенттерге іс-шараны өткізу мақсатын толық түсіндіре отырып, ұлттық аспаптардың сырлы да,сазды әуендері арқылы, табиғаттың тылсым күшін суреттеген керемет дыбыстардың үнімен, көктем мезгіліндегі көрініс беретін жаратылыстың ерекшеліктері туралы атап өтті.

Әрбір аспап өзінше бір әлем. Үрмелі және ұрмалы аспаптар сазымен, әртүрлі дыбыстардың шығу құдіреті арқылы,қазақтың халық әуендерін кең жазира даласын, көктемнің күлімдеген шырайлы көрінісімен ұластырды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, студенттер аса қызығушылықпен тыңдап,ұстаздарға деген өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ жатақхана меңгерушісі Аяпова Мейіркүл апайымызда  іс-шараның өтуіне қолайлы жағдай жасады.