Guest speaker: Marat Sarsenbaev

Оқу ордамыздың жастары «Сырдария» жайдарман командасының капитаны, университетіміздің түлегі Марат Сәрсенбаевпен кездесті.

Кездесу барысында Марат Сәрсенбаев жайдарманның жақсы жақтарына тоқталып, басынан өткен қызық оқиғаларынан қысқаша үзінділер келтірді.

Әзіл әлемінде өзіндік орны бар жайдарманшы, Сырдария университетінің түлегі болғанын және де осы деңгейге жетуіне университеттің бірден бір әсері тигендігінде тыс қалдырмады.

Студенттік шақ - ең бақытты, ең қызыққа толы, білім мен ізденіске арнайтын нағыз кезең екендігіне де тоқталып өтті. 

Студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылып, әзіл - шын аралас ұтымды жауаптар қайтарылып, студенттердің жүздеріне күлкі үйірілді. 

Сұқбат соңында белсенді студенттер жайдарманшыға үлкен алғыстарын білдірірді, шығармашылық өміріне толағай табыстар тіледі.