"Қазақстан Студенттер Альянсы" Түркістан қалалық төрағасы Айбар Мырзагельдинмен кездесу

«Сырдария» университетінің студент жастары "Қазақстан Студенттер Альянсы" Түркістан қалалық төрағасы Айбар Мырзагельдинмен @myrzageldi_aibar кездесті.

"Қазақстан студенттер Альянсы" @ask_turkistan - бұл студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайтын республикалық студенттік қозғалыс.
Ол студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құрылған.

Кездесу барысында Айбар Мырзагелді "Қазақстан студенттер Альянсының" қызметі және жоспарымен таныстырып, студенттермен еркін түрде сұрақ алмастырды.

Сөз соңында студенттер Альянсы төрағасы Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университетінің сәулет өнеріне оң баға беріп, студент жастардың белсенділігіне риза болып, алдағы уақытта бірге кең көлемде іс-шаралар өткізуге қолқа салды.