Мектеп директорларымен маңызды басқосу өтті
- 1 view
Университетімізде 148 мектептің директорлары мен әдіскерлерінің қатысуымен Шымкент қаласы білім басқармасымен білім беру бағдарламалары Меморандумы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кең ауқымды жиын өтті.
Басқосуда сөз алған универсиет ректоры Қанат Байболов оқу орнының қазіргі жағдайы мен даму преспективаларын сөз етті. Tashenev University білім беру, ғылым мен инновациялық қызметті заман талабына сай интеграциялау және жаңа білімді жасау негізінде елдің зияткерлік элитасын қалыптастыру барысында, жаңа Қазақстандағы жаңа серпіндегі университетіне айналу жолында үлкен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтып өтті. Оның ішінде жаһандық бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда білім беру қызметін модерницазиялау, инновациялық білім беру бағдарламалары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды ашу бойынша жоспарлар бар.
Сонымен бірге, университетіміздің болашағын, шетелдік жоғары оқу орындарымен байланысын, шетелден ғалымдар мен мамандарды шақыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді. «Біздің басты мақсат педогогика мамандықтарының деңгейін жоғарыға жеткізу. Бұл тұрғыдағы түрлі әдістің бірі қосдипломды маман бағдарламасы аясында жүйелі жұмыс жүргізу. Европамен байланысты нығайта береміз. Греция университетімен қосдипломды маман даярлау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта Өзбекстан Респбуликасының Шыршық университетімен де байланыс орнатудамыз. Студенттеріміз 2 жыл біздің университетте оқыса, қалған 2 жылын шетелде жалғастырады. Есесіне екі жақтың да дипломына ие болып, жоғары сапалы, халықаралық деңгейдегі білімге қол жеткізеді. Оңтүстік өңірде осынау жобаны алғашқылардың бірі болып біздің универсиет қолға алып отыр»,--деп атап өтті Қанат Сейітжанұлы.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептерге 4-курс студенттерін сабақтан соң жібере отырып, сол жақта қосымша сабақтарды өтуге мүмкіндік беруін, тіпті онда арнайы кабинет ашып жоғары оқу орнының оқытушыларын да жіберіп тұруды қолға алуға ұсыныс жасады. Демек, мектептегі мықты мамандар мен универсиет ұстаздары білім бағдарламаларының соңғы әдістемелерімен тәжірибе алмасады.
Ал, осынау маңызды басқосудың өтуіне ұйытқы болған Шымкент қаласындағы әдістемелік орталықтың директоры Меруерт Медетбекова университет ректорының ұсыныс-пікіріне қолдау білдіріп, тапсырыс беруші ретінде сапалы маман қашанда сұранысқа ие екенін атап өтті.
Маңызды басқосу аясында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
? Жумабек Ташенев атындағы университетінің ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
? “Как работает современный профориентатор?”
? КАК ПРОФОРИЕНТАТОРУ ПОСЕТИТЬ УНИВЕРСИТЕТЫ И КАМПУСЫ В 20 СТРАНАХ МИРА
? Университет мечты Nazarbaev University
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет