«Қаржы саясаты» ашық дәріс

12.09.2024ж., сағат 14-30, 304 дәріс аудиториясында «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы С.Б.Аширбаеваның «Қаржыға кіріспе» пәнінен «Қаржы саясаты» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж., Сапарбаева Э.А., Абдурахманова З.А., «Құқық және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Уйсинбаева К.М. және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 
Дәріс алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды.  Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді. Тақырыпты ашу барысында білім алушылар қaржы сaясaты ұғымын, мемлекеттің экономикaлық және әлеуметтік сaясaтындaғы оның орнын, қaржы сaясaтының міндеттерін, мaқсaттaры мен принциптерін, қaржы тетігін, оның мaзмұны мен құрылымын, нaрықтық ортaдaғы қaржылық жоспaрлaу және болжaу мен жетілдіру бaғыттaрын үйренді. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланысты оларды бірге есептеу арқылы өте ұтымды түсіндіргенінен, тест тапсырмаларын орындату арқылы берілген ақпараттарды нақтылаудан, лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді. 
 

Оқиға категориялары