Guest speaker: Nurlan Koilybaev

Syrdariya University білім алушылары университет түлегі, тарихшы Нұрлан Қойлыбаевпен дәстүрлі пікір алмасу алаңына қатысты.

Студенттер сұхбаты өте қызықты өтті. Н. Қойлыбаев жастарға өз саласындағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші жетістіктері туралы, қазіргі таңдағы өз саласы туралы айтып берді. Сондай-ақ, білім алушылар студенттік кезеңіндегі болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

Еркін форматтағы кездесу біз үшін өте ерекше шара деп білемін. Университет түлегінің келуін біз күн қатарынан тағатсыздана күттік. Себебі осы арқылы тың ақпараттарға ие болу мүмкіндігі мол. Осы сұхбат студенттердің есінде сақталып қалатын болар. Себебі, Нұрлан Қойлыбаев мырзаның кезіндегі студенттік өмір туралы, қазіргі кездегі тарих саласындағы кәсіби қызметі мен шебер маман болудың қыр-сырларын қызыға тыңдадық. Сондай-ақ Әлихан Бөкейханұлының тарихы ролі, ол кісі туралы жаңа ақпараттарды қызыға тыңдудың өзі бір бөлек. Бүгінгі кездесуден кейін, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханұлының өмір дерегін зерттеуге, оқуға құлшынысымыз артты , – деді кездесуге қатысушы студенттер.

Кездесуден соң студенттер қонаққа үлкен алғыс айтты. Шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде университет түлегі ретінде Н. Қойлыбаев білім алушыларды университет қабырғасындағы жасалып жатқан қазіргі мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануға, ізденуге шақырды.