Guest speaker: пікірсайыс ойын емес, өмір салты

SU Students’ Union ұйымдастыруымен кезекті Guest speaker іс-шарасы өтті. Бұл жолғы спикер Syrdariya University түлегі, Жетісай аудандық “Jalyn” пікірсайыс клубының төрағасы Табиғат Аралбаев.

Кездесу еркін форматта өтті. Табиғат Аралбаев жастарға өзінің университеттегі студенттік өмірі туралы, пікірсайыстағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші пікірсайыс ойнағаны туралы, қазіргі таңдаға жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жастар студенттік өмірді қызықты өткізудің жолдары туралы, пікірсайыс кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

Осы сұхбаттан соң студенттердің пікірсайысқа деген қызығушылығы артты. Себебі, нағыз пікірсайысшымен сұқбаттасу бір бөлек, ал оған тікелей сұрақ қойып, жаңа мағлұмат алудың әсері мүлдем басқаша, – деді кездесуге қатысушы студент жастар.

Сұқбаттан соң спикер студент жастарға алдағы уақытта пікірсайыс ойынына қажет болатын электронды кітапты табыс етті. Жастар алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.