«Жасанды интеллект элементтерін оқу процесінде пайдалану» семинар
- 1 view
2024 жылғы 10 қаңтарда Жұмабек Тәшенов атындағы университетте «Цифрлық дәуірдегі білім беру: медиасауаттылық пен тұрақты даму үшін инновациялық әдістер» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шара Қазақстан жастарының әлеуметтенуі мен мәдениетаралық өзара әрекеттесуінің негізгі факторы ретінде медиасауаттылықты қалыптастыру мақсатында тілдік және медиа білім беру әдістемесін интеграциялау жобасы аясында ұйымдастырылды. Семинарға ағылшын тілі, орыс және өзбек тілдері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедраларының профессор-оқытушылары қатысты.
Семинарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркология және тіл теориясы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елубаева Перизат Келдібайқызы өткізді.
Семинар аралас форматта – дәрістер, практикалық шеберлік сыныптары, семинарлар мен пікірталастар түрінде өте қызықты өтті. Ол цифрлық дәуірде тілдерді оқыту дағдыларын дамытуға, медиасауаттылықты арттыруға, инновациялық әдістерді енгізуге және жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, іс-шара тұрақты даму қағидаттарын білім беру ортасында ілгерілетуге және цифрлық дәуірде медиасауаттылық пен инновациялық әдістерге баса назар аудара отырып, тілдерді оқыту дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Материалды дайындаған: ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, PhD Артықбаева Ф.І.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет