Педагогикалық-психологиялық практика

«6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау»
27.01.2025 - 07.02.2025жж. аралығында педагогикалық-психологиялық практика

05.02.2025 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Кәсіптік білім және өнер» факультеті  2024-2025 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес «Саз және ән» кафедрасының күндізгі оқу түрі бойынша оқитын ПиК 23-15к «6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курста оқитын білім алушылары 27.01.2025 - 07.02.2025жж. аралығында педагогикалық-психологиялық практикасынан  өтуге Шымкент қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №29 ЖОББМ жіберілген болатын. Аталған мектепте топ студенттері өздерінің теориялық алған білімдерін  практикалық тұрғыда дәлелдеп көрсете білді. Студенттер мектеп оқушыларымен тез тіл табысып,олармен әрбір сабақтарын қызықты жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жүргізе білді.Атап айтар болсақ Оралбек Зарина «5»б сыныбымен «Музыка әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізген.Сабақ өте жо,ары деңгейде ұйымдастырылған. Студенттеріміздің осындай жоғары дәрежеде сабақ өтуі ұстаздарымыздың жетістігі. Мектеп басшылығы Университет ұжымына алғыс білдіруде.
 

Оқиға категориялары