Мәжитов Ұлықбек Халматұлы

Мәжитов Ұлықбек Халматұлы,
"ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" ,
"ҚР Мәдениет қайраткері",
"ҚР кәсіподақтарының еңбек сіңірген қызметкері".
«Өнер және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы
 

Шымкент музыкалық училищесін "хор дирижерлау"сыныбы бойынша(1977), 1982 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Ұлттық консерваториясын оқытушы профессор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Айдарбекова Ләйлә Әділханқызының сыныбын бітірген. 1982 жылдан 2004 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінде "хор дирижерлау" мамандығы бойынша оқытушы болды.
2004-2020 жылдары колледж директоры.
Шығармашылық жетістіктер:
- "домбырамен ән салу"жаңа мамандығын ашты.
- ұжымдардың халықаралық және республикалық байқауларға қатысуы-эстрадалық-джаз Биг-Бэнд ( Ташкент қ. Халықаралық фестивалінің лауреаты), "Шамсинур" халық биінің анамблясы (Халықаралық "ТҮРКСОЙ" фестивалінің лауреаты); хор (халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты) ;
- басқа мамандықтардың халықаралық аренадағы беделді байқауларға қатысуы - Бадеш г.-аккордеон (Италия-1 орын), К. Арыстанов-гитара(Ресей-1 орын), И. Мурин-гитара (Франция-Гран-при), Темірбекоа а, - академиялық вокал (Франция-1 орын), Тапиев Н. -академиялық вокал (Италия-1 орын) ;
- ХХVI республикалық жас орындаушылар байқауының ұйымдастыру комитетінің мүшесі;
- "Менің Қазақстаным"Халықаралық фестивалінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі;
- қаладағы және облыстағы, балалар үйіндегі, мүгедектер үйіндегі, ардагерлер үйіндегі концерттік қызметті ұйымдастырушы, сондай-ақ өз ұжымымен бірге қаланың және облыстың барлық қоғамдық-саяси және мәдени концерттік-мерекелік іс-шараларына белсенді қатысты;
- БММ арасында түрлі мамандықтар бойынша облыстық конкурстардың ұйымдастырушысы;
- - БММ және колледж оқытушылары арасында облыстық семинар-практикумдардың ұйымдастырушысы;
- БММ және колледж оқытушылары арасында ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырушы.
      Педагогикалық кезеңде ҚР Президенті, ҚР Білім министрі, ҚР Білім Вице-министрі, мәслихат және ОҚО мен Шымкент әкімдерінен бірнеше рет Алғыс хаттармен марапатталды.
     Өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі көп жылғы және жемісті еңбегі үшін "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" атағы, Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне "ҚР Мәдениет қайраткері" атағы, сондай-ақ МәжитовУ.Х. есімі берілді"Қазақстанның Алтын кітабына" енгізілген.
 

Оқиға категориялары