Жантасова Зылиха Тұрарқызы

"Тілдер және әдебиет" кафедрасының меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

✆ Телефон: +7 775 161 2509

✉ E-mail: k-filolog@tashenev.edu.kz

Жантасова Зылиха Тұрарқызы1973 жылғы 28 карашада Онтүстік Қазақстан облысы, Кентау каласының Ащысай кенішінде туылған.
1991 жылы Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген.
1992-1996 жылдары Түркістан каласындағы Қ.А.Иасауи атындағы Халыкаралық қазақ-түрік университетінін филология факультетінде оқып, үздік дипломмен тәмамдады.
- 2007  жылы 31 мамырда «Қазақ дастандарындағы Шығыс әдебиеті дәстүрінің ықпалы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 
- 2010 жылы Қазақстан Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
-    Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы.
-    2004 жылы «Сағыныш» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. 
-    2011жылы «Жанымның жаз ғұмыры» атты прозалық туындыларының жинағы «Ордабасы» баспасынан жарық көрді. 
-    2019 жылы «Тағдыр биі» кітабы баспадан шықты. 
-    3 оку кұрал, 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы. 4 прозалык кітаптын шығармагері, әнгімелері бірнеше жинакта жарык көрген.
-    2023 жылы  «Мейірім мұнарасы» кітабы жарық көрді. 
-    2023 жылы «Тағдыр биі» кітабы қырғыз тіліне аударылып, баспадан шықты.
-    2010 жылы көркем прозасы мен ғылымдағы ізденісі үшін облыс әкімінің стипендианты атанды.
-     Облыстың мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «2012 жылдың үздік жазушысы» номинациясының иегері атанды.

-    Еңбек жолын 2000 жылы Қайнар аймақаралық университетінің Шымкент филиалында оқытушы болып бастады. 2006 жылы Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінде филология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
-    2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет атқарды.
-    2014 жылы осы университеттің Абайтану ғылыми орталығында доцент қызметін атқарды.
-    2015 жылы «Қызмет» қоғамдық газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
-    2016-2019 жылдары Отырар облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғылыми хатшы қызметін атқарды. Көптеген әдеби іс-шараның ұйымдастырушы-модераторы болды. 
-    2020-2022 оқу жылдары Шымкент университетінің «Филология» кафедрасының меңгерушісі.
-    2024 жылдан бастап Шымкент Ж.А.Ташенев университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқаруда.