«Жас хамсатанушылар» халықаралық байқау жүлдегерлері
- 1 view
2024 жылдың 10-ақпан күні әлем әдебиетінің өкілі, халықтар достығын жырлаған ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Алишер Науаидың 583 жылдығына орай, жоғары оқу орындарының студенттері арасында «НАУАИ ОҚУЛАРЫ» атты халықаралық байқау өтті.
Әлем әдебиетінің өкілі, халықтар достығын жырлаған ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Алишер Науаи шығармаларында көркемделген жалпыұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы халықтар достығын, еліміздің рухани бірлігін нығайту, жалпыұлттық идеяларын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, сондай-ақ, білім алушылардың өзбек тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру ізгі мақсаттарын көздеген байқау жоғары дәрежеде өтті.
Жұмабек Тәшенев атындағы университет және ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығының қолдауымен 9-жыл дәстүрлі түрде республикалық деңгейде өткізіліп келе жатқан байқау ағымдағы жылда Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, М.Улуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетімен бірлесе халықаралық мәртебеге ие болды.
Байқау қатысушылары арасында өзіндік пікірлеу қабилеті, жазбаша сауаттылығы, көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігі, өзбек әдеби тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі, ақын өмірі мен шығармалары туралы біліктілігі, сахналық мәдениетін жоғары деңгейде көрсете алған талантты жас науатанушылар жүлдегер атанды.
Студенттер арасында өткен байқауда 21 қатысушы ішінде Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің «Жас хамсатанушы» үйірмесі мүшелері қатысып, төмендегі нәтижелерге ие болды:
1-орын иегерлері: Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің 1-курс студенті Эгамбердиева Бинафша, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының 4-курс студенті Исматова Сурайё, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының Харезм филиалы 2-курс студенті Рисолат Сапаева, Өзбекстан Ұлттық университетінің 2-курс студенті Азиза Акбарова;
2-орын иегерлері: Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің 1-курс студенттері: Саида Мавланбекова, Дилдора Атажанова, Динара Шамсиддинова, Тахиржон Равшанбеков, Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс университетінің студенті Бибимарьям Машарипова, Ташкент қаласы, Альфраганус университетінің студенті Салохиддинжон Сайфиев, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының студенттері Мирсолиев Джамшидбек, Усманходжаева Зебо;
3 орын иегерлері: Жұмабек Тәшенев атындағы университет 2-курс студенттері: Диена Бабаханова, Мавлуддин Акрамханов, О.Жәнибеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3-курс студенті Дурдона Юлдашева, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының студенттері: Кадиров Шерзод, Турсунова Мушарраф, Каромова Рана.
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан ұстаздар мен мекеме басшыларыда Алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаздарды және оларды дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Байқаудың құрметті қонақтары ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбекстандағы Достық елшісі Хулкар Хамраева, Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулдығының консулы Дилшод Собиров, ӨР-ның Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше елшісінің көмекшісі Жавохир Турсунов, сонымен қатар, «Өзбекстан-24» телеканалының Қазақстандағы өкілдері Беҳзод Хамидхожаев мен Бекзодхон Аҳмедовтар өз ыстық лебіздерін білдіріп, жеңімпаздарға мадақтама, көркем әдебиеттерден тұратын кітаптар жинағын табыстады. Рухани байлық – көркем әдебиет жинағы – 100ден артық кітаптар «Ватандошлар жамоат фонди» қоры атынан берілсе, Шымкент ақын-жазушылар ұйымының мүшесі Файзулла Икрамов өз кітапханасынан 100 кітап Жұмабек Тәшенев атындағы университет кітапханасына тапсырғаны үшін ризашылығымызды білдіреіз. Ізгілік жолындағы әрбір қадамдарыңыз берекелі болсын!
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет