Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы

Телефон:  87016047795
Туған жылы:   09.12.1971
Білімі:   жоғары
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты  
Ғылыми атағы:  доцент 
Қызметі:  2008-2025 кафедра  меңгерушісі
Еңбек өтілі:  жалпы педагогикалық - 31 жыл 
Ғылыми еңбек өтілі – 24 жыл.

Қызмет саласы: 1994-1998жж. №47 Т.Тәжібаев атындағы  мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1998-2001жж. №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім.
      2002ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы, 2005 жылы аға оқытушысы қызметін атқардым.
     2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кандидаттық диссертация қорғадым. 2011 жылы ҚР БжҒМ  ЖАҚК доцент ғылыми атағы берілді.
       2008-2025 жж. «Практикалық қазақ тілі», 2015-2021жж. «Мемлекеттік тілді оқыту», 2022 жылдан бастап «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқардым.
Ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалар саны – 350-ге жуық.
Оқу құралдары – 18. 
Электрондық кітаптар саны – 20.
Оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар – 23
Видеолекциялар: 7
Зияткерлік авторлық меншік иесі куәлігі саны – 16.

Ғылыми жарияланымдар: Қазақстан, Ресей, Дубай, Украина, Чехия, Татарстан, Өзбекстан, Канада. 
       2008-2019 жылдар аралығында ҚР БҒМ Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы жанындағы ҚАЗТЕСТ-те сарапшы, әрі әзірлемеші болдым. «Тіл - құрал» оқу-әдістемелік құралының А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша авторлық бірлестікте жаздым. 
      Марапаттаулар: университеттің 70 жылдық мерекелік медалі (2013ж.), Ресей Жаратылыстану Академиясының «Үздік жаңашылдығы үшін» Алтын медалі (2015ж.), университеттің 75 жылдық мерекелік медалі (2018ж.), «Ы.Алтынсарин атындағы» медаль иегері (2019ж.), «А.Байтұрсынұлы атындағы Алтын» медаль иегері (2019ж.), «Жылдың 100 үздік жобасы» медалінің иегері (2020ж.), университеттің 80 жылдық төсбелгіс 2023ж.
      Алғыс хаттар:  ҚР Мәдениет министрлігі Тіл Комитетінің Алғыс хаты  (2010ж.), Облыс әкімінің Алғыс хаты (2018ж.), облыстық мәслихат депутаттарының Алғыс хаты (2017ж.)., Түркістан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» (2018ж.), ҚР БҒМ «Құрмет» грамотасы (2019ж.) «Құрмет» грамотасы (2022ж.)., ҚР  ҒжЖБМ «Құрмет грамотасы» (2023ж.).
       Сертификаттар: біліктілікті жоғарылату, халықаралық, семинар-тренинг т.б. 2008-2014, 2015, 2018, 2019, 2020, 2021, 2022, 2023. Алматы, Нұр-Сұлтан, Астана, Шымкент, Өзбекстан, Дубай, Түркия, Чехия, Канада және т.б.
       Дипломдар: «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» Бас жүлде (2015ж), «Үздік доцент» (2015ж.), 3-ші дәрежелі диплом (республикалық форум, 2013ж.), 2-ші дәрежелі диплом (республикалық форум, 2017ж.), «Ең үздік жаңашыл шебер» (2015ж.) сертификат, «Үздік педагог» халықаралық байқауының 1-ші дәрежелі диплом иегері, (Чехия, 2024ж.), республикалық байқаудың 1-ші дәрежелі диплом иегері (Астана, 2018ж.), Халықаралық «Педагогтық шеберлік» халықаралық байқауы 1-орын (Канада, 2022ж), «Жылдың 100 үздік жобасы» республикалық байқауының І дәрежелі диплом иегері (Астана, 2022ж.).
 

Оқиға категориялары