Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы - талантты жастардың қолында

Ontustik QAZAQSTAN №12 (212382)

Кез келген қоғамның қозғаушы күші - өсіп келе жатқан жас буын. Жастары белсенді, озық ойлы елдің келешегі де немел болмақ. Себебі, талантты жастар - Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына өз үлестерін қоса біледі. Осы бағытта елімізде «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жастар мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да назарынан тыс қалған емес. Президенттің бастамасымен қазақстандық жастарға қамқорлық көрсету, оларды түрлі теріс бағыттардан қорғау, жастардың озық идеяларын жүзеге асыру мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабьілдаңып, нақты істер қолға алынуда. Атап өтер болсақ, «Жастарды нашақорлықтан және есірткі биз¬несмен қорғау», «Террорлық әрекеттердің алдын алу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру», «Жастарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу», сондай-ақ, әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан білім алушыларға білім грантын белу секілді аса маңызды мәселелерге ерекше мән берілуде.
Жоғарыдағы жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың басым бөлігі еліміздің жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда. Соның бірден- бір айғағы - қазақ халқының бір-туар асыл перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің есімі берілген жоғары оқу орны осында білім алып жатқан жастардың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді. Университет әкімшілігінің күн тәртібінде ЖОО қабырғасындағы білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды қолға алу мәселесі тұр. Сонымен катар, университетте білім алушы қатар, университетте білім алушы жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастырудың кешенді жоспа¬ры бекітілген. Шараның мақсаты - жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, өз құқықтарын білу арқылы қоғамдық ортада құқықбұзушылықтарға бармау және өзгенің құқықбұзушылық не теріс әрекеттерге баруына жол бермеу, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы мемлекетіміздегі заңның үстемдігін қуаттай отырып, Отанға деген ыстық ықыласы мен патриоттық шынайы сезімдерін қалыптастыру. Жастардың туған жерге, өмір сүріп жатқан ортақ Отанымыз - Қазақстанға деген патриоттық сезімдері мен сенімдері қалыптасқан жағдайда ғана елге пана болатын парасатты тұлғалар пайда болады.
Дана халқымызда: «Асыл тастан, ақыл жастан шығады» деген нақыл сөз бар. Отандық жоғары оқу орындарында тәрбиеленіп жатқан бүгінгі жастар ертеңгі күні Отанымызға қызмет ететін адал қызметкер болып қалыптасары анық. Жастардың бойындағы табиғи таланты мен дарынын танып, қолдау көрсете білгенде ғана олардың арасынан жалынды да жасампаз тұлғалар іріктеліп шығатыны белгілі. Осы бағытта университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде осында білім алып жатқан 1-3-курс студенттері арасында «Тәшеневтің талантты жастары» атты конкурс ұйымдастырылуда. Конкурстың мақсаты - талантты, дарынды, ғылым мен өнерге, спорт пен қоғамдық дамуға құштар жастарды анықтау. Конкурсқа студенттер офлайн жене онлайн түрінде жазбаша негізде өтініштер бере алады. Өтініштер 2023 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданып, арнайы құрылған комиссия құрамы өтініштер бойынша іріктеу жұмыстарын жүргізеді. Комиссияның шешімімен іріктеуден өткен білім алушылар университетіміздің әлеуетін арт¬тыру бағытында жауапты жұмыстарға тартылып, оларға ректорат тарапынан қолдау көрсетіледі.
Жоғарыда баяндалғандай, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында университет тарапынан жүйелі жұмыстар қолға алынды. Әсіресе, «Қаңтар оқиғасынан» кейін қоғамдық ортадағы тәртіп пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекет назарында тұр. Мемлекеттік деңгейде мән берілгендіктен «Жастарды нашақорлықтан және есірткі биз¬несмен қорғау», «Террорлық әрекеттердің алдын алу» мәселелері бойынша білім алушылармен (студенттер, магистранттар) кездесулер ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, университет қызметкерлері «Ontustik» телеарнасының арнайы бағдарламалары арқылы да жастарға түсіндірме- ақпараттар беруде. Жаңа оқу жылында студенттер қатарына қабылданған білім алушылар «Әдеп жөніндегі кеңес туралы ереже», «Академиялық адалдық кодексі», «Университет студенттерінің өзін-өзі басқару туралы ережесі», «Студенттер үйіне (жатақхана) орналасу тәртібі» секілді Қазақстан Республикасының Білім заңына негізделген университеттің ішкі нормативтік құжаггарымен таныстырылады.
Негізі 1998 жылы қаланған Ж.Тәшенев университетінің стратегиялық даму жоспарында білім алушылардың тәлім-тәрбиесіне басымдық берілген. Университеттің миссиясы тәрбиелі, талантты жастарға сапалы білім беру арқылы халықаралық стандарттарға сай білікті мамандар даярлауды көздейді. Жастарға білім берумен қатар, олардың бойындағы табиғи таланттары мен қабілеттерін ашып, еліміздің болашағы жолында аянбай еңбек ететін талапшыл тұлғалардың қатарын көбейту басты назарда. Осы бағытта жастарға жүйелі тәлім-тәрбие берілген жағдайда жаңа Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын жаңа буынның толықсып, өсіп жетілетініне сеніміміз мол.

Ғалым БИТҰРСЫН,
Ж.Тәшенев университетінің әлеуметтік жене тарбие істері жөніндегі проректоры, Ұлттық Заң академиясының корреспондент-мүшесі.

 
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.