Студенттік аймақтық конкурсы

ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылдың 23 сәуір күні Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде «Экономика және құқық» кафедрасы «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» тақырыбында 6В041-«Бизнес және басқару»  бағыттары бойынша студенттік Аймақтық инновациялық жобалардың конкурсын өткізеді. Осыған байланысты біз ЖОО-н конкурсқа қатысуға шақырамыз. Өткізілетін мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қонаев көшесі, 21, 4 қабат, 414Б ауд.

Байқаудың мақсаты: Жас зерттеушілердің өзін-өзі тануы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, цифрлық трансформация жағдайында дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Конкурстың міндеттері:
- жаңа білім алмасу, ғылыми-зерттеу ортасында шығармашылық әлеуетті дамыту және іске асыру мақсатында жас ғалымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту;
- цифрландырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жас ғалымдардың пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру;
- цифрлық трансформация жағдайында жоғары оқу орындарында білім алушылардың ғылыми қызметін ынталандыру;
- цифрлық дәуірде студенттік ғылыми қауымдастықтар арасында сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- инновациялық формаларды іздеу және студенттердің ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру деңгейін арттыру; 
- жоғары оқу орнының инновациялық ортасын жетілдіру;
- ғылым, білім және бизнес байланыстарын кеңейту және тереңдету.

Конкурсты өткізу уақыты ақпараттық хатта көрсетілген!

💾 Ақпараттық хат

💾 Информационное письмо

Құрметпен, "Экономика және құқық" кафедрасы!