«Цифрлық сауаттылық» тренингі
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды «Цифрлық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырамыз.
Оқу мерзімі: 2024 жылдың 3 қаңтарынан 19 қаңтарына дейін.
Оқу уақыты: 1000-1600
Өтетін орны: №210 және №212 аудиториялар.
Сабақ кестесі төменде көрсетілген.
Курс бағдарламасы 4 модульден тұрады және 72 сағаттық оқытуға арналған.
Жапбарова Гульмира Амангелдіқызы
Жұмыс тәжірибесі:
Академиялық:
1994-1998 жж. Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты «Философия және политология» кафедрасында аға лаборант.
1998-2012 жж. М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақ әдебиеті» , «Практикалық қазақ тілі» , «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», «Психология және дефектология» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент
2019 ж. Шымкент қаласындағы №28 жалпы орта мектебінің оқытушысы қызметін қосымша атқарады. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаттағы маманы.
«Тәшенев ІТ таланттары» олимпиада
Информатика бағыты бойынша 11-сынып оқушылар арасындағы «Тәшенев ІТ таланттары» атты олимпиаданың
ЕСЕБІ
«Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» ашық лекция
2023 жылдың 20 қараша күні «Экономика»экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Абдурахманова Абдурахманова Зулпаруза Әмірбекқызы «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен, «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» тақырыбында ашық лекция сабағын өтті.
ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, ӨНЕР ҰШТАСҚАНДА...
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Шымкент қаласында “Ғылым, білім, өнер интеграциясы: перспективалық жобалар” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, ҚР өзбек этно-мәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырып өткізді.
Студенттер күні
Ж.Тәшенев атындағы университеті Филология факультетінің шәкірттері жатақханада Халықаралық студенттер күнін атап өтті.
Арманы асқақ, мақсаты айқын жастардың әрбір күні іздену мен қызыққа толы болуы тиіс.
Студенттеріміз өздерінің атаулы күнінде ән-күй орындап, шаттық-думан үстінде бірін-бірі құттықтады. Деканат тарапынан оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді білімгерлерге "Алғыс хат" берілді.
Есте қаларлық іс-шараны ұйымдастырушы - факультеттің аға тәлімгері Шолпан Ергешқызы.
Халықаралық студенттер күні
Барша студенттер қауымын Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз!
Мамандық таңдау кеш
2023 жылдың 17 қараша күні «Экономика және құқық» кафедрасының з.ғ.к., аға оқытушы З.Ч. Тультабаев, э.ғ.м., аға оқытушы З.А.Абдурахманова және «Ақпараттық коммуникациялар технологиялар» кафедрасының магистр, оқытушы - Садуақас А., Сакен Сейфуллина атындағы ЖББМ КММ Ордабасы ауданындағы 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдарын «Мамандықты дұрыс таңдау-баянды болашақтың бастауы» атты мамандық таңдау кешіне қатысып, кәсіптік бағдар жұмысын атқарып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Дөңгелек үстел
«Заманауи іскер әйелдің коды: жағдайы, құқықтары, әлеуметтік жағдайы және мүмкіндіктері»/: «Код современной женщины: положение, права, социальный статус и возможности тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - гендерлік қозғалысты дамытудың өзекті мәселелерін, әйелдер мүддесіне арналған ұлттық іс-қимыл стратегиясының 2023-2030 жылдарға арналған ережелерін іске асыру перспективаларын да талқылауға бағытталған.
Тарих ізінде
Ташенев университеттің Тарих және география кафедрасының ұйымдастыруымен «Өлкетану» пәні аясында Түркістан қаласы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Отырар мемлекеттік археологиялық музейіне тарихи саяхат ұйымдастырылды.
Студенттер тарихи танымдарын кеңейтіп, тарихи білімдерінің көкжиегін кеңейтті.
Алдағы уакытта да мұндай экскурсиялар жалғасын таппақ.