Халықаралық студенттер күні

Барша студенттер қауымын Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз!

Ғылым және жоғары білім министрлігі сіздерге білім беру, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда үлкен жетістіктер мен жоғары нәтижелер тілейді.
Мағжан Жұмабаев айтқандай «Мен жастарға сенемін!». Бүгінгі қазақстандық студенттер білімді, жан-жақты дамыған, мақсатты жастардың жарқын үлгісі болып табылады. Сіздер - прогрестің қозғаушысы, жаңашылдық бастамашылары және Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының жалғасысындар.
Жыл сайын сапалы жоғары білім алу үшін жағдай жақсарады. Ведомство жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, сіздер, студенттер, жоғары білікті маман болып, ел мен халықтың игілігі үшін қызмет етулеріңіз үшін бірқатар жобалар мен бастамалардың жүзеге асырылуын қолға алуда.