Маңызды кездесу

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек қаладағы жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге қаладағы 8 оқу орындарының басышылары қатысты.
Кездесуде мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тапсырған негізгі міндеттерін іске асыру мен басқа да маңызды бастамаларына тоқталып, аталған бағыттағы жүргізілетін жұмыстарға ерекше назар аударды.

Өмір бойы оқыту - Қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер

Соңғы онжылдықтарда өзекті трендке айналған өмір бойы оқыту интеллект, құрылымдық ойлау, бейімделу және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, танысу шеңберін кеңейту, әлем туралы мүмкіндіктер мен идеялар, психологиялық денсаулықты жақсарту арқылы адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қасиетті Рамазан айы

2024 жылдың 23 наурызында университетіміздің негізін қалаушы, Академик Оңалбай Аяшұлы қасиетті Рамазан айының құрметі үшін ауыз бекіткен университет қызметкерлеріне, студент жастарға және Шымкент қаласындағы орталық имандылық үйі-Ақмешіт жамағатына арнап ауызашар берді.

Ниеті қабыл, мұраты асыл болсын!
 

Хабарландыру

Ж.А.Ташенев университеті FEYDEY білім беру тобының мүшесі «Швейцариялық инноваторлар клубы» коммерциялық емес білім беру ұйымымен (Швейцария) бірлесіп, жасанды технологияларды қолданудың негізгі дағдылары, құралдары мен әдістері бойынша оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерді оқыту үшін халықаралық біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. 
Университеттің оқу процесінде, сонымен қатар әкімшілік басқаруда интеллект.
Курстың тақырыбы: «Қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби өміріндегі жасанды интеллект».

Тыңдаушыларды тіркеу: 2024 жылдың 30 наурызына дейін

Қазіргі заманғы педагогтарды дайындау

6В01101 - Педагогика және психология мамандығы бойынша Білім беру бағдарламаларын  әзірлеу, бекіту  және ақпараттарды басқару мақсатында 2024 жылдың наурыз айында кафедра оқытушыларымен бірге Шалғай аймақтарындағы білім беру бағдарламасының іске асырылуында тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін бақылау мақсатында мектеп, балабақша басшылықтары мен мұғалімдерге, тәлімгерлерге психолог мамандарының бойындағы қасиеттері мен ұстанымдары, біліктіліктері мен шеберліктері туралы жиналыс ұйымдастырылып, университтегі білім бағдарламасына практиканың нағыз отаны мектеп пен бала-бақшаларға заман талаб

Ұлттық киім күні

Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы.

Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.

Атаулы күн қарсаңында университет басшылығы мен студент жастар ұлттық киімде келіп, арнайы фото-түсірілім жасады. 
 

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМ КИЮ КҮНІ

Ұлттық киімдерді дәріптеп, құрметпен қарау және оны күнделікті кию — әрбір өскелең ұрпақтың парызы. Себебі, ұлттық киім қазақ халқының тарихынан, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, мәдениетінен сыр шертетін халық қазынасы.
Хакім Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» деген сөзі бар. 
Сондықтан,  сәнді және әдемі киінсек, біздің өмір сүру сапасымыз да жақсарып, ұлттық құндылығымыз да ұлықтала бермек.

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМ КИЮ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
 

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық идеология қалыптастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қоғамда белең алған келеңсіздіктерді айта отырып, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды кеңінен тарқатты. 

Кәсіптік білім берудегі интеграциялық процестер

2024 жылдың 14 наурызында М.Әуезов атындағы университеттің п.ғ.д., профессор Жолдасбекова Сәуле Абдразаққызы Ж.А.Тәшенев университеті "Өнер және саз" кафедрасының 6В01403 - "Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау" және 6B02101 - "Дизайн" білім беру бағдарламалары студенттеріне "Кәсіптік білім берудегі интеграциялық процестер" тақырыбында семинар өткізді.