«Өнер тарихы» пәнінен ашық практикалық сабақ
- 1 view
2025 жылдың 28 наурызы күні «Дизайн» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Алшымбаева Сауле Нағашбекқызы 6В0211 – «Сән индустриясы» БББ бойынша, ПиК-24-17к тобының 1 курс студенттерімен «Өнер тарихы» пәнінен "Готика өнері. Готика стилінің сәулет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнермен байланысы" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Өтілген тақырып пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келеді (силлабус). Материал толығымен ашылды, көрнекі құралдарды толығымен пайдаланды. Студентер койылған сұрактарға толық жауап берді және белсене тақырыпты талқылауға катысты. Сонымен қатар, Готика стилінің элементтерін қазіргі сән өнерімен байланыстыра отырып, әртүрлі үлгілерде эскиздер дайындады. Ашық сабақ барысында оқытушы мен топ студенттері арасында өзара түсіністік және шығармашылық байланыс болды. Практикалық сабақ қызықты, жоғары деңгейде өткізілді.