"Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды кеші

2024 жылдың 15 ақпанында А.Ж.Тәшенев атындағы "Тілдер және әдебиет" кафедрасының ұйымдастыруымен айбынды ақын М.Мақатаевқа арналған "Жырлайды жүрек"атты әдеби-сазды кеш  өтті.

ТОМИРИСТІКТЕР БҮГІН БАС ҚОСТЫ

Бастауыш білім және өнер факультетінде өткен «Томирис» қыздар клубының бүгінгі жиынында Қазақтың батыр қыздары тақырыбы кеңінен қозғалды. Онда аруларымыздың кешегі және бүгінгі болмысы мен тарихи әрекеті, ертеңгі болашағы талқыланды.

Іс-шараға университетіміздің әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын мен Ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Шолпан Жақсылыққызы Арзымбетова және клуб мүшелері мен студент жастар қатысты.

14 ақпан - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ!

Мерекенің шығу тарихы - америкалық балаларға арналған кітап веб-сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмурдың есімімен байланысты. Бір күні Эмми Бродмурдың ұлы анасынан: «Неге адамдар арасында кітап сыйлау күні белгіленбеген?» деп сұрайды. Осылайша ол баласының сұрағына жауап тауып, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды қолға алады. Мұны Эмми әлеуметтік желіде танымал блогерлердің көмегімен жасайды. 2012 жылдың 14 ақпанында алғаш рет кітап сыйлау акциясы өткен болатын.

«Жас хамсатанушылар» халықаралық байқау жүлдегерлері

2024 жылдың 10-ақпан күні әлем әдебиетінің өкілі, халықтар достығын жырлаған ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Алишер Науаидың 583 жылдығына орай, жоғары оқу орындарының студенттері арасында «НАУАИ ОҚУЛАРЫ» атты халықаралық байқау өтті.

Ашық дәріс

14.02.2024ж., сағат 14-30, 413 аудиториясында «Экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Усенов И.М. «Отбасы құқығы» пәнінен, «Некені тоқтату» тақырыбында ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Сатыбалдиева М.Т., «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

«Цифрлық сауаттылық» оқыту курсы

Профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялар бөлімі мен «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қызметкерлері «Цифрлық сауаттылық» оқыту курсын ұйымдастырды. Курстарды ұйымдастырушылар келесі мәліметтер дайындаған: 72 академиялық сағатқа есептелген арнайы оқу бағдарламасы, қатысушылар тізімі (67 оқытушы), сабақ кестесі, тест сұрақтарының жинағы, тестілеуден өтуге арналған бағдарлама, сертификаттарды беру үшін тіркеу журналы.
Курс бағдарламасы төрт модульден тұрады:

«Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау» ашық дәріс

«Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Азизбекова Айжамал Сұлтанбекқызы ағымдағы жылдың 12 ақпанында Еп -23-7,10,12,13 к топтарында «Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау»  тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Сабаққа Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы З.М.Оралова, кафедра меңгерушісі С.Н.Апашева, кафедра оқытушылары А.А.Зоржанова мен А.М.Утемисова қатысты.

ЕЛ ҮМІТІН АРҚАЛАҒАН ТӘШЕНЕВ ЖАСТАРЫ

Елімізде жастарды кешенді дамытуға бағыталған ұлттык деңгейдегі жалғыз жоба -«Ел үміті» медалі иегерлері анықталды. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттык мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ

Теориялық грамматика пәні бойынша, “Ағылшын тіліндегі шақтар” тақырыбында 6В01703- “Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау” білім беру бағдарламасының күндізгі, қашықтықтан оқитын білім алушыларға арналған бейне-дәріс өтті.

Спикер: Исламова Мухаббат Михтибаевна
Педагогика ғылымдарының магистрі,
аға оқытушысы

Study by distance and update your qualifications wherever you live
 

Педагогикалық іс-тәжірибе

Көктемгі академиялық жоспарға сәйкес, «Шетел тілдері»кафедрасының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», «Шетел: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау»білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері Түркістан облысының қала және ауылдық жалпы орта мектеріне жолдама алып, педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде.

Студенттеріміз практика барысында білікті тәлімгерлерден сабақ беруде қолданатын түрлі әдістерді, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, балалар мен қалай жұмыс жасау дағдыларын үйреніп, іс жүзінде жүзеге асыруда.