«Томирис» қыздар клубы

2024 жылдың 13 желтоқсанында «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының профессоры п.ғ.д. Досбенбетова Анара Шаймахановнаның бастауымен құрылған «Томирис» қыздар клубы бір жыл бойы өткізілген дөңгелек үстелдер мен іс-шаралар бойынша есеп беру іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шарада клуб мүшелері бір жылдық жұмысының нәтижелерін қорытындылап қана қоймай, бірінші курс студенттерін клуб мүшелігіне қабылдады.

“Халық күйлерінің шығу тарихы” ашық практикалық сабақ

13.12.2023 күні «Өнер және саз» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Байгунова Динара Мадихановна “Орындау өнерінің тарихы” пәнінен ПиК-21-15к топ студенттерімен бірге “Халық күйлерінің шығу тарихы” -атты тақырыпта ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақ өз уақытында басталып,бірнеше көрнекіліктермен жаңа әдістерді қолдану арқылы видео слайдтар қолдану барысында жүргізілді. Студенттер толығымен тапсырамалармен  қамтылып, сабақтың қызықты тартымды өтуіне ат салысты. Сабақ соңы студенттердің  ұлы күйші Құрманғазының күйін орындаумен аяқталды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

«Ұлттық экономиканы әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялау» ашық практикалық сабақ

2024 жылғы 12 желтоқсан күні, сағат 11:30-да, 207-аудиторияда «Қазақстан экономикасы» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өтті.  
Сабақтың тақырыбы:  «Ұлттық экономиканы әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялау»
Бұл сабаққа  ИЭФ-24-1к, 2к, 3к, 11к топтарының студенттері қатысты.  
Сабақ барысында Қазақстанның жаһандық экономикаға ықпалдасуының негізгі бағыттары, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың артықшылықтары мен ұлттық экономиканың даму стратегиялары жан-жақты талқыланды.  

Халықаралық бағдарламалық аккредиттеу

2024 жылдың 11-12 желтоқсан аралығында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесінің сыртқы эксперттік тобы 6В06102-«Ақпараттық жүйелер», 6B04202-«Бизнес және құқық» және 6В02111-«Fashion индустрия» білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық бағдарламалық аккредиттеу стандарттарының өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Өскенде кім боласың?» ашық сұхбаты

«Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру  жобасын  жүзеге асыру аясында білім беру ұйымдарына бағыт-бағдар беру ашық сұхбаты

БАҒДАРЛАМА

Өтілетін орны:  
Zoom платформасы                                

Басталу, аяқталу уақыты:
12.12.2024ж. 16-17:00

Қатысушы: Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті
                                                         
Zoom платформасында тікелей эфир

Идентификатор: 819 4656 5008

Ашық сабақ

Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында 11.12.2024ж  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ирметов Уткир Абдурасуловичтің жетекшілігімен Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту әдістемесі пәнінен 4 курс ПИК-21-5к1,2 топтарына «Мазмұн мен тілді біріктірілген оқыту (CLIL) — қосымша тілді пайдалана отырып, пәнді меңгеру тәсілі» сабақты ұйымдастырудың аралас түрі» тақырыбында ашық сабағы  болып өтті. 

«Эстрадалық вокалдың негізі мен ерекшелігі» практикалық ашық сабақ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының   оқытушысы Хашимханова Диана Равильевнаның  10.12.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен «Дауыс қою» пәнінен «Эстрадалық вокалдың негізі мен ерекшелігі» тақырыбы бойынша   практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабақ өте жоғары деңгейде,талапқа сай жүргізілді.Тақырыпты ашу барысында оқытушы студенттерге эстрадалық вокал — бұл көптеген ән бағыттарының бірігуі және ол әртүрлі музыкалық жанрларды біріктіреді деп түсіндіре к

Жұмыс берушілермен ынтымақтастық

6 желтоқсан 2024 жылы Жұмабек Ташенев атындағы университетінің Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі,  PhD Ф.І.Артықбаева Шымкент қаласының 125 “High School” мектебіне барып, концерттік бағдарламаларына қатысып, 11 сынып түлектеріне үгіт насихат жұмысын жүргізіп қайтты. Мектеп директоры Ташмухамбетов Бауыржан Галиханович мырзамен жолығып, Жұмабек Ташенев атындағы университетінің білім беру бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, жұмыс беруші ретінде ұсыныстарын тыңдап, келісім шартқа қол қойылды.

ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ

2024 жылдың 6 желтоқсан күні ҚХА ның 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде Қазақстан ӨЭМБ “Дустлик” қауымдастығымен бірлесе “Достық керуені” атты іс-шара өтті. Ісшараға  ӨР “Ватандошлар” қоғамдық қорының қызметкерлері қатысты. 

Кәсіптік бағдар аясындағы кездесу

2024 жылғы 6 желтоқсанда Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, “Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі” КММ-нен келген оқушылармен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өтті. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында болашақ талапкерлер үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар түрлі факультеттер, кафедралар мен оқу аудиторияларын аралап, университеттің ғылыми және мәдени өмірімен танысты, сондай-ақ білім беру бағдарламалары шеңберінде даму мүмкіндіктері туралы білді.

Оқиға категориялары