Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады.
Халықаралық пәндік студенттік олимпиадасы
2025 жылдың 24-сәуір күні 6В04101-«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің Халықаралық пәндік студенттік олимпиадасы Алматы қаласы, «Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде өтті.
BRITISH MANAGEMENT UNIVERSITY-ДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ
ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ BRITISH MANAGEMENT UNIVERSITY-ДЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУ АЯСЫНДА ОҚЫП ЖАТЫР
ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ БИІГІНДЕ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
«Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру» ашық сабақ
23.04.2025 ж. "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің, "Дене шынықтыру" кафедрасының оқытушысы Ахметов Мадияр Куанышбекович жетекшілігімен Баскетболды оқыту пәнінен 3 курстың 6В01401 – Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру» тақырыбында ашық сабағы болып өтті.
«My University» ашық сабақ
«Ағылшын тілі» кафедрасының магистр-оқытушысы Э.П. Арысбаева шет тілі пәнінен ФК-24-1К9 тобымен «My University» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары және оқу бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, интерактивті оқыту әдістері тиімді қолданылды. Атап айтқанда, Kahoot платформасындағы викториналық ойын, жұптық және топтық жұмыс түрлері, рөлдік ойындар, сондай-ақ визуалды көрнекіліктер сабақтың мазмұнын тереңірек ашуға мүмкіндік берді.
«ЖАНУБИЙ КОЗОҒИСТОН» ГАЗЕТІ БІЗ ТУРАЛЫ
«Жанубий Козоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетіның соңғы санында университетіміздің “Орыс және өзбек тілдері” кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Шахло Наралиевамен сұхбат жарияланды.
«БІР СҰРАҚҚА – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ «БІР СҰРАҚҚА – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Жеңістің 80 жылдығына арналған шарада III орын
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының ИЭФ-23-13к тобының 2-курс студенті Эрниязов Аббос Абдимуталович Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ұлы дала дүбірі" атты спорттық шараға белсене қатысып, турникке тартылу сайысында жоғары шеберлік пен мықты дайындық көрсетіп, жүлделі III орынды иеленіп, арнайы марапатпен марапатталды!
Бұл жетістік — студенттің спортқа деген қызығушылығының, табандылығы мен күш-жігерінің айқын дәлелі.
Жетістігіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беріңіз!
«Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» ашық практикалық сабақ
21.04.2025ж., сағат 10:30, 315 аудиториясында «Құқық және бизнес» кафедрасының магистр оқытушысы Улыкбеков Н.К. «ҚР Әкімшілік құқығы» пәнінен, «Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында ашық практикалық сабағын өтті. Практикалық ашық сабақ алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды. Практикалық ашық сабақтың әрбір сұрағын ашуда оқытушы көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді.