"WELCOME PARTY" таңғажайып кеші өтті
2019 жылдың 26 қыркүйегінде "Сырдария" университетінде "Қазақстан" студенттер сарайында "WELCOME PARTY" атты таңғажайып кеш болып өтті.
Кештің негізгі мақсаты университетке жаңа түсіп жатқан І-курс студенттерін бір-бірімен таныстыру, ән салдырып, би билеп, түрлі ойындар ойнатып, өзара тіл табыстыру және достастыру.
Бұл концерт барша көрермендерді таңғажайып, сиқырлы әуендермен қауыштырып, ерекше сезімге бөледі. Концерт барысында "Белгісіз жан", "Сүйші мені", "Тамаша", Оргинал триосының "Сырғаның сыңғыры", "Биле ламбада" т.б. әндер шырқалды.
Ɵзбекстан Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Фатхуллаев Аброр Джахангировичтiң қатысуымен еркiн форматтағы кездесу болып ɵттi
Бүгiн Студенттер үйiнде Ɵзбекстан Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Фатхуллаев Аброр Джахангировичтiң қатысуымен еркiн форматтағы кездесу болып ɵттi.
Кездесуге Бас консулмен бiрге университетiмiздiң Тəрбие iстерi жəне əлеуметтiк мəселелер жɵнiндегi проректоры Н.Б. Шегенбаев, факультет декандары, шет елдiк студенттер қатысты. Бас консул: "Сіздер өмірдің маңызды кезеңiндесiздер, ең алдымен тәртіп пен жауапкершілікке назар аударыңыздар. Бүгінде университетте білім алып, бірінші дәрежелі маман болғысы келгендердің әрбіріне орасан мүмкіндіктер ұсынуда.
Кітапханадағы "Ашық есік" күні
Бүгін "Сырдария" университеті Бас оқу ғимаратынының кітапханасында "Ашық есік" күнін өткізді.
"Ашық есік" күнін өткізудегі мақсат кітапханаға келген әрбір оқырманға ақпаратты пайдалануда және оқырмандарды кітап оқуға дағдыландыру, кітапхананың электронды каталогынан ақпаратты іздеуге машықтандыру.
Бұл шараға университеттің барлық факультеттерінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Ашық есік күні
2019 жылдың қыркүйек айының 25 күні Бас оқу ғимаратының кітапханасында Ашық есік күні өтеді.
Шараның мақсаты студенттерге дәстүрге айналған кітапхана жұмысын насихаттау, кітапхана қорындағы барлық мамандықтар саласына арналған жаңа оқулықтар мен электрондық басылымдармен оқырмандарды хабардар ету, кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту және оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Уақыты: 10:00 - 17:00
"Сырдария" университеті "Нұр Отан" партиясымен бірігіп Жолдауды талқылады
"Сырдария" университетінде Президент Қ.К. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған жиын өтті.
Университетіміздің ректоры Серік Сансызбайұлы бұл жолдауда өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.
Президент жолдауы талқыға салынды
Қыркүйек айының 6-жұлдызында "Сырдария" университетінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2-қыркүйек күнгі жолдауын талқыға салған жиын өтті.
Жаңа оқу жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен танысудан бастаған "Сырдария" университетінің ұжымы Жолдауда аталған міндеттерді жан-жақты талқылады.
Білім. Ғылым. Жастар
"Сырдария" университетінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға университет ректоры, проректорлары мен факультет декандары, ұстаздар мен студенттер және ата-аналар қатысты.
Салтанатты шараның шымылдығын университет ректоры, профессор Дайырбеков Серік Сансызбайұлы құттықтау сөзімен ашып, оқу орнының бүгінгі жетістіктері және алдағы мақсаттарын айқындап, жастарға білім жолында сәттіліктер тіледі.
Профессор Бегім Серіковке ескерткіш тақта орнатылды
"Сырдария" университетінің Бас ғимаратының жанында экономика ғылымдарының докторы, профессор Бегім Серіковке ескерткіш тақта орнатылды. Осыған орай, қыркүйектің 2 жұлдызында университет ұжымы және ағайын-туыстарынан құралған жиын өтті.
Университет ректоры Серік Сансызбайұлы Бегім Серіковтің өмір жолын, елге сіңірген еңбектерін, жастарға берген тәлімін ерекше атап өтті.
Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев:
Ғылыми кеңестің ашық мәжілісі өтті
2019 жылдың 28 тамыз күні "Сырдария" университетінде ректор Серік Сансызбайұлының төрағалығымен Ғылыми кеңестің ашық мәжілісі болып өтті. Аталмыш жиынға университет проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері және университет ұжымы қатысты.
Күн тәртібінде қарастырылған басты мәселелер:
Ғылыми кеңестің құрамын бекіту;
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын "Сырдария" университеті Жастар бөлімінің басшысы Мейірхан Бектеміске Жетісай ауданы "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов табыстады.
Марапат елімізде өткен Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқан азаматтарға берілді.