Ашық практикалық сабақ

04.04.2024ж., сағат 10:30, 315 дәріс аудиториясында «Экономика және құқық» кафедрасының магистр оқытушысы Жасан Г.Ж. «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен, «Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік стратегиясын қалыптастыру» тақырыбында ашық практикалық сабағын өткізді. Сабаққа білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Сатыбалдиева М.Т., «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Ақпараттық сағат

Қазақтың, өнерін асқақтатып, кино мен театрда өзінің, ізін қалдырған актриса Әмина Өмірзакованың туғанына 105 жыл толуына байланысты «Әлемі әдемі - Әмина» атты ақпараттық сағат өтті. 
Ақпараттық сағатка Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті, “Шетел тілдері” кафедрасының білім алушылары қатысты. 
Шара барысында Әмина Өмірзақованың, өмірбаяны, шығармашылық, өнері және Әмина апамыздың естеліктері жайлы айтылды.

Өнер иесінің фото- суреттерінен және кітаптарынан көрме көрсетілді.
 

Ирметов Өткір Әбдірасулұлы

Жұмыс тәжірибесі:
Академиялық:  31 жыл
1997-1999 жж.    әл-Азһар университетінің Египет Араб Республикасында тағылымдама
1999 жылдан бастап.     Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Жібек жолы халықаралық университеті, қазіргі уақытта Ж.А. Ташенов атындағы университеттын, «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» кафедрасының доценті. 
Оқытылатын пәндер: 
Педагогика тарихы
Оқыту теориясы
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістері
Инклюзивті білім беру
Педагогикалық шеберлік 

Әжмәмбет Әсем Ералықызы

Жұмыс тәжірибесі:
2019-2020 ж.    Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте әлеуметтік педагог
2023 ж.    Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде психолог
2023 ж.     Ж.А.Тәшенев университеті «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының, магистр оқытушысы 
Біліктілікті жетілдіру 
ҚАЗАҚСТАН
Шымкент
23-02-2024    Ж.А.Ташенев атындағы Университеті «Цифрлық сауаттылық» 72 сағат. Сертификат №0025 
ҚАЗАҚСТАН
Алматы

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті “Тарих және география” кафедрасының ПОҚ  білім алушыларымен бірлесе отырып университет аумағында көктемнің көрікті науқанында ағаш егіп экологиялық мәдениетті қалыптастыруда зор үлес қосып отыр.Қазақ қоғамында “ Ағаш егуден асқан сауапты іс жоқ”- деген ақылды сөз бар. Бұл игі бастама қоғам үшін де, қоғамның ажырамас бөлігі адам үшін де аса маңызды.
Сауап оң болсын!!!
 

Мырзабек Лесбек Әліпұлы

Білімі:
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дене шынықтыру мұғалімі, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институты, 1977 ж.

Ғылыми немесе академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты

Оқытылатын пәндер
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқыту әдістемесі

Кәсіби жетістіктері: үш ғылыми жұмыстың, халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда және мерзімді басылымдарда жарияланған 15 ғылыми мақаланың авторлары.

Конкурс жариялау

? 02.04.2024. Хабарландыру

«Ж.А. Тәшенев атындағы Университеті» Әкімшілік-басқару құрамы қызметкерлерінің бос орындарына орналасуға  конкурс жариялайды:

1. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры – 1 бірл.

2. Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – 1 бірл.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен  бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.

Хабарландыру

2024 жылдың  3-сәуір күні Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде профессор-оқытушылар құрамы  мен студенттердің Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д., РҒА-ның (Мәскеу қ.) корреспондент мүшесі Кондубаева Мариям Рамазанқызымен «Тәшенев ұрпағы», «Педагогикалық зерттеулердегі синергетикалық әдістеме» атты тақырыптарда кездесу өтеді. 

Оқиға категориялары