Семинар-тренинг
- 1 view
«Студенттер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын алу» атты семинар-тренинг
2024 жылдың 03 сәуірде Ж.А.Тәшенев университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ғ.Ш.Битұрсынның жетекшілігімен
«Бастауыш білім және өнер» факультетінің студенттеріне арналған «Студенттер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын алу» тақырыбындағы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингке «Бастауыш білім және өнер» факультетінің деканы У.Ж.Конакбаева мен мейрбике М.К.Доскараева қатысты. Семинар-тренингті университетің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ғ.Ш.Битұрсын, мейірбике Ш.Б.Уракова, педагог-психолог С.А.Анапьяева жүргізді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ғ.Ш.Битұрсын мырза студенттердің тұрғылықты мекен-жайлары мен әлеуметтік жағдайлары туралы әңгіме қозғап, университет жатақханасына студенттердің кез-келген уақытта орналаса алатындығы, пәтер жалдап тұратын студенттердің жағдайы мен кіммен бірге тұратындығы туралы сұрап, студенттердің жағдайын білісті. Мейірбике Ш.Б.Уракова жастар арасындағы суицид пен нашақорлық туралы түсіндерме жұмыстарын жүрізді, себебі студенттер арасында суицидтік мінез-құлық және нашақорлық көбейіп келеді. Әсіресе студенттері мұндай әрекеттерге өте бейім, өйткені олар жаңа ортаға бейімделуі керек және бұл оларға өте қиын. Қазіргі жастардың күйзелісі мен дағдарысы, депрессиясы мен суицидтік ойлары өте тұрақсыз. Сондықтан олардың іс-әрекеті мен ойын ересектер ерте аңғарып, алдын алғаны жөн екендігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар педагог-психолог С.А.Анапьяева қазіргі жастардың психикалық жағдайы туралы түсіндірмен жұмысын жүргізіп, студенттерге университетімізде Эмпатия ресурстық қолдау орталығының студенттерге психологиялық көмек пен қолдау көрсетіп, психологиялық салауатты білім беру ортасын қалыптастыру және жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, студенттердің университет қабырғасындағы уақыттарын ең қызықты және ұмытылмас өткізуге көмектесуге бағытталғандығы туралы айтылды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет