Студенттер үйінде жиналыс өтті

Бүгін Бәйдібек би 25/1 мекен-жайында орналасқан студенттер үйінде жиналыс өтті. 
Жиналысқа әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ғ.Ш.Битұрсын және факультет декандары, жастар саясаты бөлімі басшысы, медицина қызметкері қатысты. 
Жиналыста қаралған күн тәртібіндегі мәселелер: студенттерді жатақхана ережесімен таныстыру, студенттер үйіндегі  мүлікті дұрыс пайдалану,қабаттар мен бөлмелерге жауапты адамдарды сайлау. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Бүгін Ж.А.Ташенев университетінде барлық білім беру бағдарламасының студентері мен қызметкерлері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері семинар өткізді.

«Кристалдардағы электрондық қозу ерекшеліктері мен радиациялық ақаулардың пайда болуы» ғылыми семинар

20.11.2024 күні, сағат 11.30-да «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Математика және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, халықаралық «Болашақ», «Dora5», «Latvian state research scholorship» бағадарламаларының стипендианты, PhD., С.А.Пазылбектің «Кристалдардағы электрондық қозу ерекшеліктері мен радиациялық ақаулардың пайда болуы» тақырыбында ғылыми семинар 204В дәрісханада (Гагарин көшесі 22а) өткізді.

«Жолбарыс жүрек Тәшенев» әдеби кеш

2024 жылдың 20 қарашасында  Ж.А. Тәшенев атындағы университеті «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жолбарыс жүрек Тәшенев» атты әдеби кеш болып өтті.

"In der Stadt" ашық сабақ

"Ағылшын тілі" кафедрасының аға оқытушысы Айтжанова С.Е. неміс тілі сабағынан "In der Stadt" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Артықбаева Ф.І., оқу бөлімінің қызметкерлері және кафедраның басқа оқытушылары қатысты. Сабақ мазмұны жағынан бай, әдістемелік тұрғыдан жақсы құрылып, жоғары деңгейде өтті.

«Орыс тілі» пәнінен ашық сабақ

Кафедра оқытушысы Г. Б. Қожахметова 2024 жылдың 19 қарашасында 1 курс студенттеріне "Әуежайда, вокзалда" тақырыбында "Орыс тілі" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер әуежай мен вокзал контекстінде қарым-қатынас және түсіну дағдыларын дамытып, диалогта бастамашыл рөл атқара отырып, өз сөздерін диалог түрінде ұйымдастырды. Сабақ өте танымдық және нәтижелі өтті, Студенттер тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту» ашық практикалық сабақ

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің, Гагарина 22 А ғимаратында орналасқан «Эмпатия» кеңес беруші – ресурстық қолдау орталығында кафедра оқытушысы Г.И.Амандикова 19.11.2024ж. күні ПИК 24-6к тобында «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

"XV-XІX ғасырлардағы Қазақ хандығы" ашық сабақ

«Тарих және география» кафедрасы

Ғылым магистрі, аға оқытушы Таубаев Сейтхан Сазаханұлы "XV-XІX ғасырлардағы Қазақ хандығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың  назарын сабаққа аударып, үш топқа бөлді. 

Оқиға категориялары