"Спирттер" ашық сабақ
2024 жылдың 5 желтоқсан күні Жаратылыстану факультеті, 6В01504- Химия мұғалімін даярлау мамандығының ЕП 22-8к оқу тобының “Алифаты қосылыстардын органикалық химиясы” пәнінен дәріс сабағы ашық түрде өткізілді.
"Дін философиясы" ашық семинар
«Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ «Экономика және құқық» факультеті «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы ғылы магистрі Қожабеков Нұржігіт Абубәкірұлы 05-желтоқсан күні 6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 2-курс 23-5к,12,13 тобына «Философия» пәнінен "Дін философиясы" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі т.ғ.к., қауым.профессор
С.Н.Апашева, ғылым магистрі, аға оқытушылар Турумбетова Гүлжан, Таубаев Сейтхан, Момынқұл Нұрай қатысты.
«Қазақстан территориясындағы ірі архитектуралық ескерткіштер» ашық сабақ
«Экономика және құқық» факультеті
«Тарих және география» кафедрасы
Оқытушы Исмайлова Марина Арыновна
«Advantages and disadvantages of chosen profession» ашық сабақ
2024 жылдың 3 желтоқсан күні, «Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы А.Ж.Изтилеуова шет тілі пәнінен ФК24-1К9 тобымен «Professions» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі мен оқытушылары, оқу бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ барысында жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда Kahoot ойын түріндегі оқыту платформасы, жұптық және топтық жұмыс әдістері қолданылды. Студенттер пәнге деген қызығушылық пен белсенділік танытып, сабақ өз мақсатына жетті.
«Инновациялық жобалар мен стартаптар арқылы жаңа жұмыс орындарын дамыту»
02.12.2024 жылы «Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдары» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Инновациялық жобалар мен стартаптар арқылы жаңа жұмыс орындарын дамыту» тақырыбында жұмысқа шақыру шарасы аясында 7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистранттарға арналған арнайы кездесу өтті, онда аймақтың білім беру және психологиялық қызмет көрсету салаларында жаңа жұмыс орындары ұсынылды.
«Жасыл қала» атты экологиялық іс-шара
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев» атындағы университет АҚ-ның вице-президенті Оңалбай Аяшұлының бастамасымен «Жасыл қала» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға университеттің проректорлары мен «ІТ және шетел тілдері» факультетітің деканы Ботабаева Ж.Н. және факультеттердің декандары қатысып, Ақ үй маңына 30-ға жуық шырша отырғызды. Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық сана мен табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ университет аумағын көгалдандыру арқылы аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту болды.
Шағын футбол "Re CUP кубоғы"
"Respublika" партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен "Re CUP кубогына" арналған шағын футболдан университет және колледж студенттерінің арасында жарыс өтті.
10 команданың ішінен университетіміздің студенттерінен құралған команда ІІІ-ші орынға ие болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік.
Әдістемелік семинар
29.11.2024 күні Ж.А.Ташенев атындағы университеті “Өнер және спорт” факультеті “Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистры А.Р. Юсупов ПОҚ құрамына “Дене шынықтыру” пәні бойынша “Дене шынықтыру сабақтарындағы заманауи білім беру және инновациялық технологиялардың негізгі бағыттары” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Сабаққа кафедра ПОҚ қатысып, оқытушынын сабақ барысында жаңа тақырыптың теориялық бөлімін толық қамтып, өзара тығыз байланыс болғанын жоғары бағалады.
Турсунова Тырна Жамонтаевна
Ғылыми немесе академиялық дәрежесі, лауазымы педагогика ғылымдарының магистрі; аға оқытушы
Оқытылатын пәндер
• Шет тілі
• Екінші шетел тілі
Зерттеу аумағы:
• шет тілін кәсіптік және мамандандырылған оқыту
Кәсіби жетістіктер Білім және тәрбие саласында жеткен жетістіктері үшін алғыс хаттар
Жарияланымдар 50-нан астам ғылыми мақалалар
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жантасова Зылиха Тұрарқызына Тәшенев университетінің ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан берілген «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.