Студенттер үйінде жиналыс өтті
- 1 view
Бүгін Бәйдібек би 25/1 мекен-жайында орналасқан студенттер үйінде жиналыс өтті.
Жиналысқа әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ғ.Ш.Битұрсын және факультет декандары, жастар саясаты бөлімі басшысы, медицина қызметкері қатысты.
Жиналыста қаралған күн тәртібіндегі мәселелер: студенттерді жатақхана ережесімен таныстыру, студенттер үйіндегі мүлікті дұрыс пайдалану,қабаттар мен бөлмелерге жауапты адамдарды сайлау.
Жиын соңында студенттер үйіндегі бос орындар саны белгілі болып, 4 факультет декандарына бос орындарды студенттермен толтыру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар профессор оқытушы құрамы тәрбие сағаттарын өтуі және түрлі үйірмелердің жұмыс жасауын тапсырды.