«Тиімді түйіндеме» атты семинар
Университетімізде 2024 жылдың 24-желтоқсаны күні «Тиімді түйіндеме» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шарада студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасуға тиімді түйіндеме жасау жолдарын, еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесетін маңызды білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.
Семинардың басты мақсаты — қатысушыларға тиімді түйіндеме құрудың маңызды аспектілерін түсіндіру, түйіндеменің құрылымы, қажетті ақпаратты дұрыс орналастыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің назарын аударатын ерекше басым тұстары туралы кеңестер беру.
«Қаржыландыру конкурсына өтінімдер беру туралы» ғылыми-әдістемелік семинар
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінде 2024 жылдың 23 желтоқсан күні “Қаржыландыру конкурсына өтінімдер беру туралы ғылыми-әдістемелік семинар” өтті. Семинарды Академиялық мәселелер туралы жөніндегі департамент директоры Оралбекова Алия Құрбанқызы жүргізді. Сонымен қатар семинарда жас ғалымдардарға ғылыми бағыттар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім жіберілу түсіндірілді.
Аталған семинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас ғалымдар және магистранттар қатысты.
Құттықтаймыз!
"Ж.А.Тәшенев атындағы университет" АҚ «Тарих және география» кафедрасының студенттері 21 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауының «Тарих» бағыты бойынша жеңімпаздары атанды. Атап айтқанда ЕП-22-2к тобының студенті Жүнісбек Еркебұлан, ЕП-23-2к тобының студенттері Елемес Патшайым, Аманжол Жаннұр, ЕП-23-4к тобының студенті Сайрамбай Альбина Ғылыми жетекшілері: Апашева Сабира Нұрбайқызы, аға оқытушы Таубаев Сейтхан Сазаханұлы
Халықаралық зерттеу байқауына қатысу
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті Педагогика және Жаратылыстану ғылымдар факультеті, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының профессорлары Қ.Молдабек пен Р.И.Кенжебекова және кафедра меңгерушісі Г.А.Жапбаровалардың жетекшіліктерімен МПиК 23-5к 2 Курс және МПиК 24-5к 1 Курс магистранттары 2024 жылдың 20 желтоқсанда Астана қаласында "Үздік жас ғалым" ғылыми-педагогикалық мекемелері арасындағы халықаралық зерттеу байқауында қатысып, төсбелгісімен және I дәрежелі дипломмен марапатталды.
1. Грант иегері магистрант Тоқтамуротова Әйгерім Нұрғали қызы
Білім грантына конкурс жарияланады
ҚҰРМЕТТІ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ!
СІЗДЕРДІ, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛ ETIH, ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ IT ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН «ТАШЕНЕВ ТАРТУЫ» ГРАНТЫ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
Кафедра мәжілісі
19.12.2024 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Өнер және спорт» факультеті «Саз және ән» кафедрасының меңгерушісі Д.К.Азизханованың ұйымдастыруымен кезекті кафедра мәжілісі өтті. Мәжіліске кафедра профессор құрамы толығымен қатынасты. Кафедра мәжілісінде мына төмендегі мәселелелер қарастырылды:
1.Кафедрадағы оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың әзірленуі туралы
2.ПОҚ жеке жоспарында жазылған пунктердің орындалу жоспары
3.Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішіне мониторинг жасау
Құттықтаймыз!
Ағылшын тілі кафедрасы оқытушыларын білім жолында жасаған еңбектерінің баспадан шыққанына құттықтаймыз!
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ»
15.12.2023 «Өнер және спорт» факультетінің, «Саз және ән» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Байгунова Динара Мадихановна «Жылдың үздік педагогы» атты төс белгімен марапатталды.
«Томирис» қыздар клубы
2024 жылдың 13 желтоқсанында «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының профессоры п.ғ.д. Досбенбетова Анара Шаймахановнаның бастауымен құрылған «Томирис» қыздар клубы бір жыл бойы өткізілген дөңгелек үстелдер мен іс-шаралар бойынша есеп беру іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шарада клуб мүшелері бір жылдық жұмысының нәтижелерін қорытындылап қана қоймай, бірінші курс студенттерін клуб мүшелігіне қабылдады.
“Халық күйлерінің шығу тарихы” ашық практикалық сабақ
13.12.2023 күні «Өнер және саз» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Байгунова Динара Мадихановна “Орындау өнерінің тарихы” пәнінен ПиК-21-15к топ студенттерімен бірге “Халық күйлерінің шығу тарихы” -атты тақырыпта ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақ өз уақытында басталып,бірнеше көрнекіліктермен жаңа әдістерді қолдану арқылы видео слайдтар қолдану барысында жүргізілді. Студенттер толығымен тапсырамалармен қамтылып, сабақтың қызықты тартымды өтуіне ат салысты. Сабақ соңы студенттердің ұлы күйші Құрманғазының күйін орындаумен аяқталды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.