«Жасыл қала» атты экологиялық іс-шара

«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев» атындағы университет АҚ-ның вице-президенті Оңалбай Аяшұлының бастамасымен «Жасыл қала» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға университеттің проректорлары мен «ІТ және шетел тілдері» факультетітің деканы Ботабаева Ж.Н. және  факультеттердің декандары қатысып, Ақ үй маңына 30-ға жуық шырша отырғызды.  Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық сана мен табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ университет аумағын көгалдандыру арқылы аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту болды. Шырша ағаштарын отырғызу барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, студенттер мен оқытушыларды тұрақты даму принциптеріне негізделген бастамаларға белсене қатысуға шақырды.
    Бұл бастама университеттің экологиялық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, әрі қала тұрғындарын табиғатқа қамқорлықпен қарауға ынталандыруды мақсат етеді. Іс-шара соңында қатысушылар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, алдағы уақытта осындай экологиялық жобаларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
 

Оқиға категориялары