Арнайы білім беруді ұйымдастыру және психологиялық қолдау

30.01.2025 жылы МПИК-24-7к магистранттарға арналған "Сенің мүмкіндіктерің шектеусіз" тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақ инклюзивті білім берудің маңыздылығын және әртүрлі қажеттіліктері бар магистранттар үшін тең мүмкіндік жасау жолдарын түсіндіруге бағытталды. Оқытушылар мен магистранттар бірге инклюзивті оқыту әдістемелерін талқылап, заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сабақ барысында магистранттардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, білім алу процесін барлығы үшін қолжетімді ету жолдары қарастырылды.

Оқиға категориялары