"ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСТАР «Оңтүстік» телеарнасында

Әрбір Қазақстан азаматы Жолдаудың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсінуі керек. Осы орайда, Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" универсиететі жоғарғы оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып "Жолдау – 2019 – қоғамдық жаңғыру мен өркендеудің жаңа кезеңі" атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді. Ондағы мақсат - ғалымдар мен жастар арасында сындарлы пікір алаңын ұйымдастырып, ашық диалогтар жасау болды. .

"Сырдария" университетінің негізі 1997 жылы қаланған. Содан бергі аралықта бұл оқу орны білім беру саласында тамаша жетістіктерге жете білді. Оған бұл университеттің еліміздегі жоғары оқу орындары арасында 16 орынға ие болуы - нақты дәлел.

Серік Оңалбайұлы "Сырдария" университетінің президенті

(Біздің университет тек осы аймақтың ғана жастарын оқытпайды, біз көршілес елдердегі қандастарымызды да сонымен қатар өзге ұлт өкілдерін де оқытамыз. Біздің басты ерекшелігімз де сол...)

Ел Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, жастарды да назардан тыс қалдырмады. Бүгінгі Жолдау "Сырдария" университеті оқытып жатқан жас мамандарға жарқын жол ашып отыр. Өйткені, қоғамның даму үдерсін ілгерілетудің жетекші күші жастар екені ақиқат.

Ләззат Әбенова "Сырдария" университетінің ғалым – хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты

(Президентіміз өз жолдауында негізгі бес бағыт ұсынып отыр. Оның бәрі халықтың көкейінде жүрген нәрсе.. және оны жолдауда айтылып қойған жоқ. Ол халықпен диалог ретінде жүргізіліп, мәселелер де шешіліп жатыр...)

Конференцияға елімізге белгілі көптеген оқу орындарының да басшылары қатысты. Жиын барысында олардың бірқатары студенттерге алмасып білім беру жайында келісім – шарттарға қол қойды.

Бақыт Жәутіков – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры

(Біз университпен таныстық. Лаборотроиялары да, аудиториялары да бәрі жақсы.. Бәрі заманауи.. Енді біз келісім – шартқа қол қойды. Енді Сырдария университетінің студенттері біздің Темуртауда да білім алатын болады...)

Конференция барысында көптеген мәселелер қаралып, олар секция мәжілістерінде талқыланды. Тіпті, оның кейбірі өзара пікір- таластар туғызып, болашақта қаузайтын ғылыми тақырыптарға өзек болды.

 

Сілтеме: ONTUSTIK телеарнасынан http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/zholdau-zhene-zhastar-1