«Сырдария» университеті құрылтайшылары тарапынан қарпайым халыққа көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау мен жәрдем

Жұмыссыздықтың салдарынан Қазақстаннның шалғай аудандарында халықтың әлеуметтік ахуалы әлі де болса тым төмен деңгейде қалып отыр. Алыс ауыл-аймақтағы халық негізінен, қолында бар бірен-саран ірілі және ұсақ малдың, сондай-ақ диханшылықтың арқасында күн көріп келеді. Ауылда жастар үшін болашақ бұлыңғыр, жұмыс табу мүмкін емес. Алыс ауылдағы ата-аналар көбіне мектеп бітірген балаларын мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына әрдайым оқыта алмай жатады. Ауыл тұрғыны болып табылатын ата-аналар мектеп бітірген балаларын алыс қалаларға аттандырып, ақылы негізде жоғары оқу орындарында оқытуға мүмкіндігі жоқ. Себебі, обылыс орталықтарында және Республикалық маңызға ие ірі қалаларда орналасқан ақылы негізде білім беретін жоғары оқу орындарының оқу төлем ақысы ауыл тұрғыны үшін тым қымбат, сондықтан алыс шалғайдағы қарапайым халықтың қалтасы оны әр кез көтере бермейді. Әрине, бұл жоғары білім алуға талпынған ауыл баласының үмітіне аяусыз қиянат жасайтын келеңсіз әлеуметтік жағымсыз жағдай болып табылады. Мемлекеттік деңгейде мұндай мәселелер жедел, әрі түбегейлі түрде тұрақты шешімін таппаса, ауыл жастарының болашағына осы қалыптасқан келеңсіз жағдай қиянат келтірумен пара-пар.

Ресми мемлекеттік статистикалық мәліметтер бойынша тұрғындарының тұрақты табысы жоқтардың ең алдыңғы шебінде тұрған, әрі жалақы мөлшерінің аз болуына байланысты халқының күнкөріс көзі тым төмен облыстардың бірі ол -Түркістан облысы. Әдетте, қазақ ұлтының оңтүстік аймақта тығыз шоғырланғанын ескерер болсақ, қалыптасып отырған келеңсіз жағдай, әрине, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтардың көңілін жабырқатары сөзсіз.

Алайда, ұлт мүддесі үшін, жалпы ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп, нақты дәйекті істерімен халықына өлшеусіз қызмет жасап жатқан азаматтарда жоқ емес. Солардың бірі - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі - Аяшев Оңалбай Аяшұлы.

Оңалбай Аяшев сондай-ақ еліміздің оңтүстік қиырындағы шалғай аудан жастарын жоғары білім алуға тарту, оларды рухани бай, парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен ашылған, жиырма үш жылдық өзіндік тарихы бар, Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университетінің құрылтайшысы.

«Сырдария» университеті бүгінде он тоғыз білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындауда. Алыс шалғайда орналасқанына қарамастан «Сырдария» университетінде ғылыми дәрежесі бар, білікті, танымал жоғары білім саласының үздік мамандары жұмыс істейді.

Университет құрылтайшысы - Оңалбай Аяшев, арнайы еңбек шартының негізінде ғылыми дәрежесі бар мамандарды университетке көптеп тартуда, сондай-ақ осы шақырумен келген мамандарға қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасап отыр. Бұл өз кезегінде университетте білім берудің сапасын арттыратын маңызды факторы болып табылады.

Бүгінде «Сырдария» университетте жоғарғы білім алуға қажетті барлық инфрақұрылымдық және өзге де маңызды заманау техникалық мүмкіндіктер толық жасалған.

Мәселен, университеттің жалпы көлемі 12432 шаршы метрді құрайтын төрт оқу ғимараты, 4 кітапхана, 500 орындық «Қазақстан» студенттер сарайы және 320 орындық «Студенттер үйі», инновациялық ғылыми зерттеу орталығы, тамақтану кешені мен медициналық қызмет көрсету пункттері бар. Университетте білім беру процессі интернет желісімен кең көлемде, жаппай толық қамтылған.

Алыс шалғайдағы ауыл жеткіншектерінің ақылы негізде жоғары білім алуына қолайлы жағдайлар жасалған. «Сырдария» университетінде жылдық оқу ақысы басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда айтарлықтай қол жетімді және университетте оқу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Әрине, бұл онсыз да табыстан тым тапшылық көріп отырған оңтүстік облыста тұратын қарапайып ауыл адамдарының отбасылық бюджетіне салмақ салмайтын жағымды жағдай. Мұны «Сырдария» университеті құрылтайшыларының тарпынан қарапайым ауыл халықына көрсетіп отырған елеулі әлеуметтік қолдауы әрі нақты жәрдемі деп бағалауға толық негіз бар.

«Сырдария» университетінің «Экономика және заңтану» факультетінің деканы,

заң ғылымдарының кандидаты

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы.
 

Теги:

Оқиға категориялары