Аяшев Оңалбай Аяшұлы

Аты-жөні: Аяшев Оңалбай Аяшұлы

E-mail: info@tashenev.edu.kz

Ғылыми дәрежесі:    Педагогика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі
Білімі:  жоғары
1971 жыл.  Шымкент педагогикалық институты. Мамандығы: «Дене шынықтыру мұғалімі»
1983 жыл   Мәскеу мемлекеттік университеті. Мамандығы: Педагогика ғылымдарының кандидаты 
1991 жыл    В.И.Ленин атындағы Мәскеу педагогика институты. Мамандығы: педагогика ғылымдарының докторы 
 

Жұмыс тәжірибесі:
1992-1996 жж.    Шымкент педагогика институтының, кейіннен Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімі оқу-тәрбие жұмыстарының проректоры, вице-президентінің бірінші орынбасары, М.О.Әуезов атындағы педагогика институтының директоры қызметтерін атқарды.
1996-2000 жж.    ХҚТУ Жетісай бөлімшесінің директоры, мемлекеттік емес «Сырдария» жоғары колледжінің ректоры болды.
2000-2004 жж.      «Сырдария» университетінің Президенті қызметін атқарды.
2004-2007 жж.    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  «СК Астана» бірлескен қорының Бас директорының орынбасары.
2011-2019 жж.    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институттың ректоры  
2022 ж.    Ж.А. Ташенев университетінің вице-президенті, п.ғ.д., профессоры 
Оқытылатын пәндер: 
Бастауыш білім педагогикасы
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылыми жарияланымдары: 
110 ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде монография және оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. «Президенттің назары» (2008ж.), «Елбасы» (2010 ж.), «Тәуелсіздік» (2011ж.) және «Елбасы сүйген Оңтүстік» (2011ж.) кітаптарының авторы.
Жетістіктері
2000-2015 ж.    «Құрмет» ордені, ҚР Президентінің Алғыс хаты, «Білім беру қызметіндегі үздік еңбегі үшін», «Білім беру құрметті қызметкері» медальдары, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
2003    Оңтүстік Қазақстан облысының 2003 жылғы «Ең үздік ғалымы»,  Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы», классикалық күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстан спортына еңбегі сіңген қайраткер.
2018    ОБСЕ Азия бөлімінің білімді тұрақты дамыту комиссиясының  төрағасы болды. Қазақстан Республикасының білім озаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.
2019    Лондон университеті Кингс колледжінің және Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық Университетінің тұрақты лекторы және ҚР туризм және спорт академиясының «Құрметті профессоры».
2020    Халықаралық педагогика ғылымдарының, Еуразия экономика ғылымдары академиясының толық мүшесі.
2023    «Құрмет» ордені, ҚР Президентінің Алғыс хаты, «Білім беру қызметіндегі үздік еңбегі үшін», «Білім беру құрметті қызметкері» медальдары, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
 

Оқиға категориялары