Оңалбай Аяшев: Біздегі ең лауазымды тұлға – СТУДЕНТ

ҚАЗЫҒҰРТ, 8-9 бет
Ақпараттық-танымдық, әлеуметтік-мәдени журнал №2 (10) ақпан-2013

сұхбат үзіндісі

...

- Еліміздегі барлық салада болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан, жагдайлардан жақсы хабардарсыз. Еліміздің жүрегі - Астана мен Жетісайға дейінгі аралықта білім беру жүйесінде үйлесім мен үнасым, жарасым басым ба, жоқ әлде қайшылықтар көп пе?

- Жетісай жөнінде бекер сұрақ қойып отырмаған шығарсыз. Мұндағы «Сырдария» университетін 1998 жылы құрдым. Биыл міне, 15 жылдығын атап өткелі отыр. Оқу орнын ашудың өзіндік үлкен себебі бар. Басында 1996 жылы ашылған Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің кішкене бөлімі болған. Арада екі жыл өткен соң, түрік ағайындар «алыс жақтан жағдайымыз қиындап кетті. Басында қате шешім қабылдаппыз. Қаржымызды тек рухани астанамыз Түркістанның гүлденуіне жүмсағымыз келеді» деп, Жетісайдағы бөлімшені қаржыландырудан бас тартты. Олардың бұл шешімі жергілікті тұрғындар мен окып жүрген студенттерге жайсыз тиіп, есеңгіретіп қойды.

Мақтаарал - шалғайда жатқан аудан, 350 мың халқы бар. Құдайға шүкір, әр үйде жеті-сегіз ұл-қыздан. Осыдан біраз жыл бұрын Қырғызстанға парламент депутаты ретінде барып, аралап көргенімде әр ауданында орта есеппен 20-25 мың ғана халык тұратынын көрдім. Ал біздегі үш жүз елу мың халық дегеніңіз (мүмкін одан да көп) бүкіл бір Маңғыстау облысының халқымен тең. Барлық бала бірдей өзге қалаларда қалай оқиды?

Оқымақ түгілі, ол кезде облысқа қатынаудың өзі ақыретпен бірдей. Өзбекстаннан Яллама арқылы Сырдарияны айналып, 15 бекеттен өтіп келесің. Бұл нағыз азап. Таңертең шықсаң, қас қарая бір-ақ жетесің. Жолдағы тоқтаусыз тексерістер жеп қояды. Елбасына мың да бір рахмет, 2001 жылы Ғ.Мүратбаев өңірінен тікелей өтетін көпір салдырып, Жетісайға тәуелсіздік орнатып берді.

Одан кейін бұл жер Өзбекстанның үш облысымен және Түркменстанмен шектесіп жатқан аймақ. Негізгі кәсібі - мақта шаруашылығы. Жері - қүм, құрғақ. Тасбақа мен жыланның мекені болған. Бұл жердің халқы сор басқан осындай жерді гүлдендіріп отыр. Оңтүстіктің абыройын асқақтатып отырған еңбекқор ел. Дастарқаншыл. Қонақ-жай. Жүрегі алып адамдар. Дария бойында қоныстанып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Сыр бойында шөл жерден жұмақ жасаған нағыз еңбек ерлері.

Сырдария деген ұғым оларға өте қымбат. Бәріне ортақ ұғым. Сондықтан университета «Сырдария» деп атадық. Осыған байланысты бір жэйт есіме түсіп отыр. Жетісайда Алпамыс батырға арналған ақындар айтысы өтіп жатқан. Айтысқа қазақ қандастарымызды Өзбекстаннан алып келген, сондағы жергілікті бір газеттің редакторы болып істейтін өзбек ағайынмен әңгімелесіп отырғанымызда, түк білмегендей маған мынадай сұрақ қойып тұр: «Неге оқу орнын «Сырдария» деп атағансыздар? Оның сіздерге қандай қатысы бар, Сырдария облысы бізде ғой?..»

«Біріншіден, - дедім, - тарихқа жақсылап көз салыңыз. Сырдария, Жызақ, Қарақалпақстанның бәрі біздің ата-бабамыздың мекені болған. Сондықтан да, Ташкенттің ортасында Төле би бабамыз жатыр. Ал кіші жүзден тараған бауырларымыз Нұратаға барып, Әйтеке бидің басына үлкен кесене орнатқалы қашан? Бұрындары, шекараны сол әулиелі жерлерде жатқан кісілердің атына қарап анықтаған. Екінші мәселе, «Сыр» деген термин өзбектерде болмаған. Бұл - қазақтың сөзі. Сіздердің қандай қатыстарыңыз бар Сырдарияға?»

Өзбекстан өздерінде тұрып жатқан қазақтардың санын бір миллионның айналасынан асырмайды. Шынына келгенде, екі жарым миллион қандастарымыз өмір сүріп жатыр. Кеңес Одағы уақытысында ол жақта 667 таза қазақ мектебі бар болатын. Қазіргі үкімет олардың бәрін ақырындап аралас мектеп, кәсіптік мектеп етіп қысқартып тастады. Ал сол жерге түрақтап, тұрмысын қалыптастырып қойған қандастарымыз елімізге келсек күн көре алмай қаламыз ба деген күдікпен оралғысы келмейді.

Негізінде, халдері өте нашар. Бізде өмір сүріп жатқан өзбектермен жағдайларын салыстыра алмаймыз. Күндерін зорға көріп жүр. Оқу орнын құрғандағы бірден-бір мақсатымыз - Өзбекстандағы отандастарымызды жақын жерден өз елдерінде, өз тілдерінде білім алуға шақыру еді. Бұл бастамамызды ел де, мемлекет басшылары да қолдады. Сондықтан, «Сырдарияны» халықтың мұң-мұқтажына, игілігіне арналған оқу орны деп білемін. Бұл - өзім ашқан университет болғаннан соң білдірген жанашыр пікірім емес. Барған адамдардың бэрі де риза болып, оң көзқарас танытып кетеді.

Қазір студенттердің 50 пайызы көрші елден келіп оқуда. Демалыс күндері ауылдарына қайтады.

Материалдық базасын, технологиясын, сабақ өту деңгейін жетілдіруді жалғастырып жатырмыз. Керек болса, арнайы барып, шолу жасап, өз көзіңізбен көріп қайтсаңыз керемет болар еді. Бір күн ғана емес, бірнеше күн бойы бақылаңыз. Студенттермен әңгімелесіңіз.

Өйткені, «Сырдария» университеті - Жетісайдағы интеллигенцияның ордасы іспетті. Өзбек еліндегі ағайындарымызды ұлттық тэлімге бейімдейтін білім- нің Ақ ордасы. Бұл - шындық.

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.