Бүгін "Сырдария" университетінің ұжымы 1 қыркүйек - Білім күнін онлайн форматында қарсы алды.
- 1 view
Бүгін "Сырдария" университетінің ұжымы 1 қыркүйек - Білім күнін онлайн форматында қарсы алды.
"Сырдария" университеті - сұранысқа ие мамандықтар бойынша бакалавр және магистр дәрежесін даярлайтын көшбасшы оқу орындарының бірі.
Биылғы талапкерлер мен студенттерді оқу жылының алғашқы күнімен құттықтау мақсатында факультет декандары "Жаңа оқу жылы - жаңа бағдарлама" тақырыбымен (Zoom және Webex платформалары арқылы) салтанатты жиын өткізді.
Құттықтау сөздерімен басталған бұл жиында факультет басшылары студенттерді университеттің профессор-оқытушылық құрамымен, кураторлармен таныстыра отырып, қашықтан оқыту барысында жұмыс жасайтын бағдарламалар (Platonus, zoom, webex) жөнінде тың ақпараттар беріп өтті.
Сабақ кестесі, тапсырмалар, электронды кітапхана жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында интернет желісі нашар шалғай ауылдарда тұратын және компьютерлік жабдықтармен қамтылмаған студенттер мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Оларға жатақханаға орналасу арқылы қашықтан оқуды жалғастыру мүмкіндігі ұсынылды.
Студенттер сұрақ қою арқылы басшылықтан өзін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды. Сөз соңында декандар салтанатты жиынды қорытындылап, студенттердің жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет