Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
- 1 view
Құрметті «Сырдария» университетінің ұжымы, студент жастар!
Сіздерді еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Жылдан-жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Мамраимов Серік Дәулетұлы
Ректор
Оқиға категориялары
Жаңа Жетісай (13)