"Жаратылыстану" факультеті сіздерді оқуға шақырады!

Құрметті жас талапкер 

Сізді «Сырдария» университетінің студенті болуға шақырамыз!

Біздің басымдықтар:

      - «Сырдария»  университетінде әскери кафедра жұмыс жасайды, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;

  • алтын белгі, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;
  • ішкі академиялық ұтқырлық аясында басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
  • сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания (Лондон),  Үндістан  (Дели), Грекия (Афина) ЖОО-да оқу мүмкіндігі;

     - 2020-2021 оқу жылында қаңтар, тамыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін оқуға қабылданады.

     «Сырдария» университеті профессор-оқытушылар құрамы Сіздердің сапалы білім алуларыңызға жағдай жасайды.


«Жаратылыстану» факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

  1. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
  2. 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау
  3. 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
  4. 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
  5. 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
  6. 6В01506-География мұғалімдерін даярлау
  7. 6В01507-Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
  8. 6В01509-География-Тарих мұғалімдерін даярлау
  9. 6В05101-"Биология"
  10. 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
  11. 6В06102 -"Информатика"

Факультеттің құрамында 3 кафедра бар: «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы, «Жоғары математика және физика» кафедрасы және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы. Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 44 профессор–оқытушы: оның ішінде 10 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD),  17 ғылым магистрі, 5 аға оқытушы айналысады.  Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 50 % құрайды.  

Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.

2010 жылы «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану» факультеті жанынан Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Орталықты  химия ғылымдарының кандидаты, доцент О.Н.Кобланова басқарады.

Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және зертханалық жұмыстарын жүргізулеріне арналған 4 арнайы лабораториялық кабинет бар. Олар: «Органикалық және ЖМҚ химиясы» лабораториясы, «Зоология және адам анатомиясы мен физиологиясы» лабораториясы, «Бейорганикалық және аналитикалық химия» лабораториясы және «Физика» лабораториясы. Бұл кабинеттер соңғы үлгідегі қондырғылармен және техникалық оқу-құралдарымен жабдықталған. Мұнда оқытушы-профессорлардың басшылығымен білімалушылар ғылым жаңалықтарын өндірістік негізге қою жолдарын қарастыруда.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/339424530786862/

https://www.instagram.com/p/CC-uT9NBml5/

https://youtu.be/YQ4IhrFtuYA

 

 

Теги: