Факультет "Естествознание" приглашает учиться!
- 69 просмотров
Уважаемый выпускник!
Сізді «Сырдария» университетінің студенті болуға шақырамыз!
Біздің басымдықтар:
- «Сырдария» университетінде әскери кафедра жұмыс жасайды, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;
- алтын белгі, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;
- ішкі академиялық ұтқырлық аясында басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
- сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания (Лондон), Үндістан (Дели), Грекия (Афина) ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
- 2020-2021 оқу жылында қаңтар, тамыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін оқуға қабылданады.
«Сырдария» университеті профессор-оқытушылар құрамы Сіздердің сапалы білім алуларыңызға жағдай жасайды.
«Жаратылыстану» факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
- 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
- 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау
- 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
- 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
- 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
- 6В01506-География мұғалімдерін даярлау
- 6В01507-Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
- 6В01509-География-Тарих мұғалімдерін даярлау
- 6В05101-"Биология"
- 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
- 6В06102 -"Информатика"
Факультеттің құрамында 3 кафедра бар: «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы, «Жоғары математика және физика» кафедрасы және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы. Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 44 профессор–оқытушы: оның ішінде 10 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD), 17 ғылым магистрі, 5 аға оқытушы айналысады. Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 50 % құрайды.
Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.
2010 жылы «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану» факультеті жанынан Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
Орталықты химия ғылымдарының кандидаты, доцент О.Н.Кобланова басқарады.
Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және зертханалық жұмыстарын жүргізулеріне арналған 4 арнайы лабораториялық кабинет бар. Олар: «Органикалық және ЖМҚ химиясы» лабораториясы, «Зоология және адам анатомиясы мен физиологиясы» лабораториясы, «Бейорганикалық және аналитикалық химия» лабораториясы және «Физика» лабораториясы. Бұл кабинеттер соңғы үлгідегі қондырғылармен және техникалық оқу-құралдарымен жабдықталған. Мұнда оқытушы-профессорлардың басшылығымен білімалушылар ғылым жаңалықтарын өндірістік негізге қою жолдарын қарастыруда.
Ссылки на страницы в социальных сетях: https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/339424530786862/ |
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников