«Инклюзивті оқыту қазіргі білім беру үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде» атты ашық сабағы

14.03.2025ж. күні «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, оқытушысы Жапсар Арайлым Асқарбекқызы «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша ПиК-23-5к1 тобымен «Инклюзивті оқыту қазіргі білім беру үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде» атты  тақырыбында студенттермен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студнттер инклюзивті оқытудың мәні, мақсаты және қағидаттары туралы сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін адамдармен қарым-қатынаста ашықтық, құрмет және қолдау көрсету дағдыларын қалыптастырды. Студенттер болашақ маман ретінде инклюзивті ортада жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін үйренді. Ашық сабан нәтижесінде студенттер инклюзивті оқыту саласында теориялық және практикалық білім алып, болашақта оны кәсіби қызметінде қолдануға дайын болды.

Оқиға категориялары