«Әуеле,әуен» атты конкурс өткізілді
- 1 view
25.02.2025 күні сағат 10-30 да «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Кәсіптік білім және өнер» факультеті, «Саз және ән» кафедрасының «ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВТЫҢ -110» жылдығына орай 11-сынып оқушыларының арасында дарынды жастарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау мен болашақта кәсіби өсуіне қолдау көрсету және кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған «Әуеле,әуен» атты конкурс өткізілді.Конкурсты «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор» Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы ашыпүміткерлерге сәттілік тіледі.
Конкурсқа 13-мектептен үміткерлер қатысты. «Саз және ән» кафедрасының студенттері қатысушыларға арнап арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды.Әділқазылар алқасының төрағасы ретінде ҚР мәдениет қайраткері, компазиторлар одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның профессоры, Құрмет орденінің иегері Бөрі Иса ағамыз және әділқазы мүшелері ҚР мәдениет қайраткері ҚР еңбек сіңірген қызметкері Мажитов Улугбек Халматович, «Кәсіптік білім және өнер» факультетінің деканы Қарсыбаев Бастарбек Тоқтарұлы болды. Байдібек ауданы, Садық Әбдіжаппаров ЖББИ 11-сынып оқушысы Асил Рамазан Бекжасарұлы «Ақ бұлақ» әнімен және Шымкент қаласы, №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбдіразақ Ұлжалғас Орынбасарқызы «Самалтау» халық әнін өте шебер, жоғары деңгейде орындағаны үшін әділқазылар алқысының шешімімен «Тәшенев тартуы» табысталды.
№86 ЖОББМектебінің 11-сынып оқушысы Исахұлы Мағжан «Талас» күйін және Шубарсу ауылы «Достық» мектебінің 11-сынып оқушысы Орынбек Абдулазиз Бегалыұлы «Молдабайдың әні» әнді шебер орындағаны үшін 1-ші орынға, Байдібек ауданы, Садық Әбдіжаппаров ЖББИ 11-сынып оқушысы Кеңесбек Эльвира Досымжанқызы «Сүгірдің термесі», «Жаңа Дәуір» мектеп интернаты Ләтіпбек Ақтілек «Отан ана» әнін өте керемет орындағаны үшін 2-ші орынға, Байдібек ауданы, Садық Әбдіжаппаров ЖББИ 11-сынып оқушысы Өскенұлы Әлім «Тыңда», Ақылбек Алтынай Ғабитқызы «Рахмет саған туған ел» әндерін жоғары деңгейде орынбай білгені үшін 3-ші орынға ие болды.
№50 А.Байтұрсынов атындағы гимназиясының 11-сынып оқушысы Қалдыбек Сабина Мұратқызы «Қазағым-ай», №14 Айбек атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Исаметова Камила «Әр әйел бақытты болуға лайықты», №35 М.Мәметова атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кубаева Сабина Абдурашидовна, №50 А.Байтұрсынов атындағы гимназиясының 11-сынып оқушысы Ахмет Іңкәр Мақсатқызы «Бұл өмірде» әндерін жақсы орындап алғыс хаттар алды.
Оқиға категориялары
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
✅ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет