"Сырдария" университетінің ұжымы Жана жыл кешінде

7СЫР. Республикалық қоғамдық-саяси газет. №3(3) 12.01.2009

Жаңа жыл мерекесін дүниежүзі тойлайтыны сөзсіз. Қазақ ұлты сиыр жылын құт-береке жылы, ырысты жыл деп атаған. 2009 Жаңа жыл қарсаңында Жетісай қаласындағы "Сырдария" университетінде "Студенттер шыршасы" болып өтті. Төрт факультет арасында "Ең үздік ән", "Ең үздік би", "Ең үздік көрініс", 'Ең үздік карнавал киімі", "Ең үздік қабырға газеті, "Ең үздік өлең", "Ең үздік ұйымдастырушы", "Ең үздік кейіпкер" номинациялары бойынша жарыс ұйымдастырылды.

"Ең үздік ән" номинациясын «Шығармашылық мамандықтар" факультетінің 4-курс студенті Л.Байбосынова; «Ең үздік би» номинациясын "Шығармашылық мамандықтар» факультеті;

«Ең үздік көрініс" номинациясын "Гуманитарлық білім" факультеті;

ң үздік өлең" номинациясын» "Математика және экономика» факультетінің студенті К.Шайманова;

"Ең үздік қабырға газеті" номинациясын «Қазақ тілі мен әдебиеті" мамаңдығы;

"Ең үздік ұйымдастырушы" номинациясын оқытушы Ж. Садықова;

"Ең үздік карновал киімі" номинациясын Дизайн мамандығы;

«Ең үздік кейіпкер» номинациясын Аяз ата рөлін керемет сомдаған 3-курс студенті Қ.Ашимов иеленді.

Сонымен қатар, Жаңа жыл шыршасы кешінде үздік студенттер: Ә.Абдакимова, М.Ахметова. О.Нарзиева, Ғ. Жүматаевтар;

Үздік оқытушылар: Н.Қадырбаев. Ш. Сариева, С.Серманиязов, А.Алтыбаевалар алғыс хаттармен марапатталды.

"Сырдария" университетінің президенті, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, доцент Е.С.Аяшева мен университет ректоры, техникалық ғылымдарының докторы Ә.М.Әшіров оқытушылар мен студенттерді Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздері мен тілегін білдірді.

 Әр факультет студенттері ән айтып, би - билеп, көрініс көрсетіп, көрермен қауымды думан-шаттыққа кенелтті.

Аудандық мәслихатгың депутаты А.Асауов, аудан әкімінің орынбасары Г.Сәуірбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі П.Есенбеков қонақ ретінде келіп, жаңа жыл шыршасын тамашалады.

Жаңа жылдық шырша кеші университет оқытушыларына конгрессхолда жалғасты.

Танымал қоғам қайраткері,саясаткер, ғүлама ғалым, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Оңалбай Аяшев құттықтау сөз сөйлөп, кешті ашып берді.

Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ғылыми зерттеу институтының ректоры Ибадулла Үмбетаев қадірлі қонақ ретінде қатысты. Университеттің ұлағатты ұстаздары, ғалым-оқытушылар Ж.Я.Баткаев пен Б.Серіковке университет басшылары аса құрметпен шапан жапты. Жылды жақсы нәтижелермен аяқтаған оқытушыларға Алғыс хаттар тапсырылды.

Кеш барысында әнші Ү.Сейілбекова, "Музыкалық білім" мамандығының оқытушылары Ержігіт пен Айнұр ән салып көпшіліктің көңілін көтерді.

"Сырдария" университетінің Жаңа жылдық от шашуы ерекше әсер өтті. Түнгі аспанды түрлі-түсті бояулармен жарқыратқан от шашуды бүкіл Жетісай қаласының турғындары тамашалады.

Мұндай көрініс аудан орталығында тұңғыш рет болып отыр. Жаңа жыл кешін осындай тамаша әсерлермен өткізген университеттің оқытушылары керемет әсермен тарқасты.

 

Мұрат НҰРБЕК, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының аға оқытушысы


 

Comments

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.