Ұлттық құндылық – ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы
- 1 view
Бүгін Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы» атты қалалық форум өтті. Жиынға жиналған ардагерлер мен имамдар, ЖОО проректорлары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықты дәріптеудің жолдарын бабалар жолынан бастап асыл дінімізден іздеу қажет екенін жеткізді.
Іс-шараға 700-ден аса адам қатысып, Ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, зиялы қауым өкілдері, қалалық дін басқармасының имамдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен белсенді жастар орталығының мүшелері, білім басқармасына қарасты білім ұйымдары мен қоғамдық бірлестік басшылары күн тәртібіне шығарылған өзекті мәселе туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Соның ішінде қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев «Қоғам – ұлттық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығының ұйытқысы», ал «Әлем, Абай және Қазақстанның сара жолы» тақырыбында мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден баяндама жасады. Сондай-ақ «Дін және дәстүр» тақырыбында сөз алған қалалық дін басқармасының бас имамы Бақдаулет Абдраманов, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Акрам Хашимжанов уағыз, насихат айтудың әдебі және ысырапшылдыққа жол бермеу туралы пікірлерін айтты.
Айта кету керек, форумның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы жүйесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу және насихаттау. Бұл орайда үш буынның өкілдері арасындағы ортақ мүдделі қауымдастық құру және байланысты нығайтуға бағытталып отыр.
Сондықтан іс-шараның ғылыми-рухани танымдық бағдарламасында өңірдегі жоғары оқу орындары мен қалалық ардагерлер ұйымының зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы туралы ой-пікірлері тыңдалды. Бұдан кейін қалалық білім, дін, жастар басқармалары, ұлттық орталықтар, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысуымен бірнеше тақырыпта қоғам дамуындағы жастардың жарқын болашағына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Осы орайда жалпы адамзаттық құндылықтар мен салт-дәстүрді сақтау қағидаттарын оңтайлы насихаттау, дінтану мәселесіндегі кедергілер мен бұрмалаушылықтарға тосқауыл болу, ысырапшылдыққа жол бермеуге қатысты айтылған ұтқыр ойларды аға буын өкілдері атынан үндеу ретінде жариялау ұсынылды. Бұл елдің дамуына зиянын тигізетін жат қылықтарға қарсы қоғам болып күресу мақсатында қолға алынып отыр. Ал ашық дауыспен ұсынымдық сипатта қабылданатын үндеу тезистерін тиісті хаттамалармен рәсімдей отырып қала тұрғындарына тиісінше тарату қажеттігі де жан-жақты қарастырылып отыр.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет