«Домбыра» үйірмесі

«Саз және ән» кафедрасында «Домбыра» үйірмесі жұмыс жасайды.
Үйірме жетекшісі: ҚР мәдениет қайраткері, аға оқытушы Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызы. «Домбыра»-үйірмесі өз жұмысын уақытылы атқарып келеді. Үйірменің арнайы бекітілген жоспарына сәйкес студенттермен жұмыстар атқарылуда. Үйірменің негізгі мақсаты: Сабақтан тыс музыкалық есту қабілеті жақсы домбыра аспабын үйренгісі келетін жастар мен күндізгі оқу түрінің 1 курс студенттерінің музыкалық дайындықсыз түскен студенттерді домбыра аспабында ойнатуды үйрету болып табылады. Студенттер домбыра үйірмесіне қатысып бірнеше шығармаларды ойнауды үйренді. 28.10.2024 ж. фаультеттің тәжірбиелік танымдық апталығында домбыра үйірме мүшелеріне және студенттерге шеберлік сыныбы өткізілді. Онда негізгі бағыт күй өнерінің тарихы мен ойнау әдіс тәсілдері болды. Үйірмеге қатысушы студенттер өз өнерлерін,домбыра аспабында ойнау шеберліктерін көпшілікке көрсете білді. Үйірме бағдарламасына мына төмендегі негізгі шығармалар қамтылды:
1)Құрманғазы “Адай”    
2)Құрманғазы “Балбырауын”
3) Бөрі Иса “Желтоқсан”
4)Бөрі Иса “Түркістан” 
Аталған шығармаларды үйірме мүшелері өте жоғары деңгейде үйренуде.
 

Оқиға категориялары