Университеттің студенттерінің «Интерактивті мультимедиа тақтасын тиімді пайдалану» курсы бойынша біліктілігін арттыруының есебі
- 1 view
2016 жылы қазан айынан бастап, мамыр айына дейін “Сырдария” университетінің мультимедиа сыныбында бітіруші студенттер үшін “Интерактивті мультимедиялық тақтаны оқыту процесінде пайдалану” біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылды.
І-жарты жылда курсты тыңдаушылар контингенті 202 студент (10 топ) болуына байланысты сабақтарды үш лекке (поток) бөліп оқыту жоспарланды. 202 студенттен 140 студенті (69%) осы курсты толық бітірді.
ІІ-жарты жылда курсты тыңдаушылар контингенті 421 студент (21 топ) болуына байланысты сабақтарды бес лекке (поток) бөліп оқыту жоспарланды. 421 студенттен 222 (53%) студенті осы курсты толық бітірді (төменгі кестеде көрсетілген).
2016-2017 оқу жылы бойынша 362 студент сертификат алды. Ал соңғы 9 жыл бойынша осы курсы 1684 тыңдаушылар қатысты.
Барлық сабақтар екі компьютерлік сыныптарда басқарылды: виртуалды кітапханада және мультимедиа сыныбында аудиториялар заманауи компьютерлік техникамен, яғни, интерактивтік тақтамен, проектормен және өте жылдам Интернетпен жабдықталған.
Бұл оқу курсы университет түлектерін болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілуде.
Осы курста қажетті білімдерді меңгеріп, сертификат алған жас мамандар, “Сырдария” университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.
Практикалық жұмыстарда студенттер PowerPoint қолданбалы бағдарламасын меңгерді, ол мультимедиа презентациясы дайындауға мүмкіндік береді.
Курс жетекшісі С.Шпенглер cабақты өту мақсатында ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасын, күнтізбектік тақырыптық жоспарын және оқу әдістемелік құралдарын жасап, солардың негізінде сабақтар өтілді.
Интерактивті тақтада ашық сабақтар өту үшін студенттер бірнеше күндер аралығында жеке баяндамаларды PowerPoint қолданбалы бағдарламасында дайындады. Әр баяндамада мультимедиа элементтерінен құралған: мәтін, суреттер, фото, видео және дыбыстар. Баяндамаларды қорғау кезінде басқа мамандықтардың студенттері және оқытушылары қатысып қосымша сұрақтар қойылды.
Студенттерге баяндамаларды дайындау үшін университетте өнделген 273 электронды оқулықтар көмекке берілді (www.ko-sirdariya.kz). Бұл оқулықтардан студенттер өздеріне керекті лекция мәтіндерін, сурет-галереядан суреттер мен бейнелеулерді, аудио және бейне-файлдар қолданды. Сонымен қатар, оқу барысында студенттер керекті мәліметтер тауып алу мүмкіндік беретін Интернет желісі қорын белсенді пайдаланды.
Оқу курсы аяқталғанда студенттерге екі апта бойы алған білімдерін растайтын сертификаттар берілді. Студенттерге оқытушылардың дайындаған баяндамалары көрсетілді.
№ |
Факультеттер |
Жалпы студенттер саны |
Қатысқан студенттер саны |
Қатысқан студенттер % |
Курсқа келмеген студенттер саны |
1 |
Гуманитарлық білім факультеті |
282 |
162 |
57% |
120 |
2 |
Жаратылыстану және математика факультеті |
242 |
157 |
65% |
85 |
3 |
Өнер факультеті |
40 |
33 |
83% |
7 |
4 |
Дене тәрбиесі және спорт факультеті |
59 |
10 |
17% |
49 |
|
Барлығы |
623 |
362 |
58% |
261 |
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу