ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- 1 view
14–26 сәуір 2025 | Ташкент, Өзбекстан
Тәшенев университетінің 21 студенті мен 3 оқытушысы British Management University-де академиялық алмасу аясында білім алып, елге оралды. Бұл – кәсіби даму мен тұлғалық өсуге бағытталған халықаралық тәжірибе алаңы болды.
Бұл мүмкіндіктің жүзеге асуына Тәшенев университеті мен British Management University арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік негіз болды.
Аталған ынтымақтастық аясында бірлескен оқу бағдарламалары, академиялық алмасулар мен зерттеу жобалары тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл — халықаралық интеграция мен сапалы білім беруге жасалған сенімді қадам.
Бағдарлама барысында:
• Заманауи курстар: IT, бизнес, жаһандық мәселелер, академиялық ағылшын
• Практикалық жобалар мен тренингтер
• Тілдік ортада еркін тәжірибе
• Интеллектуалды және спорттық шаралар
• Мәдени экскурсиялар мен жаңа таныстықтар
Бейнежазбада студенттер алған әсерімен бөліседі:
«Білім алу мен өмірлік тәжірибе қатар жүрген ерекше сапар болды»,
«Халықаралық оқытушылардан білім алу – шабыттандыратын мүмкіндік»,
«Жаңа ортаның маған бергені өте көп – өзімді сенімді сезінемін».
Бұл бағдарлама — жаһандық ойлайтын жаңа буын студенттерін қалыптастыру жолындағы нақты қадам.
Бейнежазбаны тамашалап, сол ерекше сәттерге бірге оралайық!